Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Дәрумендер

Басып шығару

Күнделікті өмірде үйреніп қалған дәрумендер жайлы кейбір мәліметтер шын мәнінде қате болып шығады. Дәрі-дәрмекті тағайындайтын мамандарда да, науқастарда да дәрумендердің әлеуетті пайдасы туралы қате көзқарасқа қалыптасқан және ол қауіп-қатерге әкеледі. Сондықтан, дәріні қабылдамас бұрын, дәрумендер туралы кең таралған қате түсініктер мен оның пайдасы туралы деректердің ара-жігін ашып алу қажет. Осы мақалада тағайындалған дәрумендердің қай кезде пайдалы болатынын және қай кезде қажеті жоқ екенін сипаттауға тырысамыз. Сонымен, іске кірісейік. 

Дәрумендер – бұл майда немесе суда еритін, ағзаның қалыпты өсіп, қызмет етуі үшін қажетті, сондай-ақ өсімдік және жануарлар тегінің тамақ өнімдерінен табиғи жолмен алынатын органикалық заттар. 

Генериктер, түпнұсқалық дәрілік заттарды алмастыра ала ма?

Басып шығару

Соңғы 10-15 жылда дәрілік заттардың түр-түрі көбеюде. Дәріханаға кіре сала, көзіміз алуан түрлі дәрі атауларына түседі.

Бүгінде фармацевтикалық нарық тұтынушыға екі түрлі дәрілік зат ұсынады: түпнұсқалық және генериктер.

Түпнұсқалық препараттар әрқашан қымбат тұрады. Оның себебі де бар. Ол- фармацевтикалық компанияның негізгі, алғашқы өнімі. Түпнұсқалық дәрі жасау ұзақ уақытты талап етеді. Ойлап табу мен тұтынушыға жеткізудің өзі ондаған жылға созылады, әрі қомақты қаражат қажет етеді. Сондай-ақ патентпен қорғалады. Патенттік қорғау белгілі мерзіммен шектеліп, 15-20 жылға дейін созылуы мүмкін. Бұл уақыт аралығында басқа фармацевтикалық компаниялардың ұқсас дәрілерді - генериктерді өндіруге құқығы болмайды. Яғни өндіруші фирманың шығыны өтелу үшін нарықта жалғыз түпнұсқалық препарат айналымда қалады. Десе де, патентпен қорғау мерзімі өткен соң  кез-келген компания құрамында белсенді әсер етуші компоненттері түпнұсқалық препараттарға ұқсас дәрілерді өндіру құқығын пайдалана алады. Осылайша, көптеген «генериктер» пайда болады. Оны бірнеше фармацевтикалық компания бір уақытта өндіре алады.

Дәрілік орталықтың халыққа пайдасы қандай? Дәрілік сауаттылықты арттырудың басты 5 жолы

Басып шығару

1. Дәрі-дәрмек жайлы дәйекті ақпаратқа қол жеткізу.

Еліміздің әр тұрғыны дәрілік заттар туралы дәйекті және шынайы ақпаратты Дәрілік орталықтан ала алады. Дәрілік орталық Денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік жобасы ретінде 2009 жылы құрылған. Орталықтың негізгі міндеттеріне дәрілік заттарды тиімді пайдалану, пациенттердің тегін дәрілерге құқықтары, қымбат дәрілік заттарды қолжетімді дәрілермен ауыстыру мүмкіндігі, дәрілерді дұрыс қабылдау және сақтау, дәрілердің дәлелді тиімділігі жайлы, дәрілік заттарды тіркеу және тағы басқа мәселелер бойынша халықты және медицина қызметкерлерін  ақпараттандыру жатады.   

 Дәрілік орталық жеке фармацевтикалық компанияларымен емес, дәрі-дәрмекпен қамту және денсаулық сақтау саласының басты мекемелерімен жұмыс істейтін мемлекеттік ұйым болып табылады. Орталық мамандары өз жұмысында халықаралық дерекқор мен дәлелді медицина дереккөздерін, сондай-ақ препараттардың медициналық қолданылу ережесіне сай белгіленген мәліметтерді пайдаланады. Барлық ақпарат Дәрілік орталықтың www.druginfo.kzресми сайтында, сонымен қатар жүйелі түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Сондай-ақ кез-келген азамат өз сауалын сайттың «Сұрақ-жауап» айдарында және орталықтың тегін 8 800 080 88 87 Call-қызметі арқылы қоя алады және толық жауап ала алады.

Үй жағдайында дәрілерді қай жерде және қалай сақтаған дұрыс?

Басып шығару

Қандай да бір ауруды немесе аурудың белгілерін емдеуге алынған дәрілік заттар көп жағдайда толықтай қолданылмай қалады. Әдетте, үйдегі дәрі қобдишасы осындай  дәрілік заттардан жиналып қалады. Дәрілердің сапасы мен қауіпсіздігін үй жағдайында қалай сақтап қалуға болады?Дәрілік заттар арнайы сақтау шарттарын қажет етеді, және бұл жерде қателіктер болмауы тиіс.

Сақтау шарттары жарамдылық мерзімі өткенше дәрілік заттардың емдік қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар, сақтау кезінде препараттардың өздері, мысалы иісі бар дәрілер, тотықтырғыш және бояғыш дәрілер,  өзіңізге және мүлкіңізге зиян келтіруі мүмкін.  Көптеген дәрілер жоғары температураның, тікелей күн сәулесі мен ылғалдың әсерінен бұзылуы мүмкін.  

Құрметті оқырмандар, біз Сіздерге сатып алынған препараттың сапасы мен қауіпсіздігін сақтап қалуға көмектесетін дәрілерді сақтау бойынша ұсынымдар береміз.