Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Орталық туралы

Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығы (ДЗҰПО)

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасын іске асыру мақсатында 2009 жылғы қараша айында Астана қаласында Дәрілік орталық құрылды. 2010 жылғы қараша айында Алматы қаласында ДО-ның аймақтық бөлімі ашылды. 2017 жылдан бастап Дәрілік орталығының атауы Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығына (ДЗҰПО) өзгертілді.

Орталықтың негізгі қызметтері:

  • әртүрлі ақпарат көздерін пайдалана отырып, жеке сұрақтарға жауап ретінде  халыққа дәрілік заттар туралы дәйекті ақпараттар ұсыну;
  • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде  дәрілік заттармен тегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпарат ұсыну;
  • анағұрлым кең таралған патологиялар және  дәрі-дәрмектерді қолдану,  болуы мүмкін жанама әсерлері жөнінде  БАҚ-тағы жарияланымдар, дәрілік бюллетеньдер, буклеттер мен плакаттар түріндегі баспа ақпараттарының  көмегімен халықтың сауаттылығын арттыру;
  • дәрілік заттар және олардың дәлелді медицинаға негізделген әсерлері туралы шынайы ақпарат ұсыну;
  • медицина қызметкерлерін  дәрілік заттарды ұтымды пайдалану саласындағы ақпаратпен қамтамасыз ету;
  • практикалық денсаулық сақтауға арналған дәрілік заттарды ұтымды қолдану жөніндегі әдістемелік материалдар мен оқу құралдарын әзірлеу;
  • медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарға арналған оқыту семинарларын, дәрістерін жүргізу;
  • формулярлық комиссияларға ақпараттық және әдістемелік көмек көрсету.

Дәрілік заттардың халық үшін қолжетімді болуын жетілдіру  мақсатында ДЗҰПО дәрілік заттарды пайдалану, тиісті дәріханалық практика бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  индикаторларын пайданала отырып зерттеулер, сондай-ақ амбулаториялық деңгейде дәрімен тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етілетін қатысушыларға  сауалнама жүргізеді.

 Ұйымдық құрылым

Жусупова Гульзира Кенжеевна  — орталық басшысы

Ұтымды фармакотерапия бөлімі:

Жалдыбаева Сауле Сактагановна — бөлім бастығы

Скакова Айым Амангельдиновна — бас маман-талдаушы

Елеусызов Айбек Серикович - бас маман-талдаушы

Басибекова Айнура Рутемовна – бас маман

Утегенова Жадыра Жеткербаевна - жетекші маман

"Қазақстандық Ұлттық Дәрілік Формуляр" редакция

Утепова Динара Бахитовна – бас редактор

Ерназарова Айжан Азретовна - редактор

Ким Виктория Борисовна - редактор

Куатканова Гулжан Ауезхановна - редактор

Жангазина Анель Казбековна - редактор

Тарихы

Қазақстандағы Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және Халықаралық қайта құру және даму банкінің арасындағы «ҚР денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасының шеңберінде құрылыған және  «Фармацевтикалық саясат реформасы» атты  Е компонентінің негізгі бөлігі болып табылады.

Дәрі-дәрмек ақпараттық орталықтары жүйесінің халықаралық тәжірибесі өте бай. Бірінші дәрі орталығы   1962 жылы Кентукки штаты, АҚШ Университеті жанында құрылған, одан кейін 1995 жылы бүкіл әлем бойынша 120 ДАО өз қызметтерін жүзеге асыра бастады. Сөйтіп, ДАО  Канадада, Австралияда, Жапонияда, Португалияда, Африка және Азия елдерінде, Еуропада, Малайзияда, Қытайда  қызмет етеді, және  дәрілер турпалы шынайы ақпарат көзі болып қана қоймай, формулярлық жүйені дамытудың,  дәрілер туралы халыққа ұсынылатын ақпараттың сапасын арттырудың, азаматтардың өз денсаулықтарына деген  ортақ жауапкершілігін арттырудың және ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды сатып алуды оңтайландырудың тұғырнамасына айналды.

Алғашқы Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы ЗдравПлюс, ЮСАИД жобасының ықпалы арқасында Қазақстанда 2001 жылғы 1 маусымда Қарағанды қаласында ашылды,  жоба аяқталғаннан кейін 2003 жылы орталық жабылады. 2009 жылы Халықаралық  даму және қайта құру банкінің жобасы шеңберінде  ақпараттық орталықтары қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің ажырамас бөлігі болған  мемлекеттердің мамандарын жұмылдыра отырып, мемлекет ДАТО-ның қызметін қайта бастайды.   Дәрілік препараттарды пайдалану саласындағы  ақпараттылық деңгейін арттыру проблемасын шешу  Ақпараттық дәрілік орталықтарға тапсырылды. Ақпараттық дәрі орталықтары дәрлік заттарды дұрыс және ұтымды пайдалану  әдіснамасының негізі ретінде  соңғы 20-30 жыл бойы тұрақты жұмыс істеп келеді. Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталықтары жүйесінің  Қазақстан Республикасында қалыптасуы   әлемде жинақталған тәжірибелерді шоғырландыруды және пайдалануды, жарамды элементтерді қолданыстағы денсаулық сақтау жүйесіне нақты  бейімдеуді көздейді.

Қызметі

Біздің елімізде  дәрілік заттарды қолдану, сапасы, тиімділігі және үйлесіміділігі туралы  ақпараттардың үлкен бөлігі БАҚ-қа  жарияланады және таратылады.  Кейде нақты деректерді жарнамадан ажырату қиынға соғады.

ҚР халқын және денсаулық сақтау қызметкерлерін шынайы және сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында 2009 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы Халықаралық Қайта құру және Даму банкімен бірлесіп  «ҚР денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформалар жүргізу» жобасының шеңберінде Дәрі-дәрмек ақпараттық талдау орталығын (бұдан әрі - ДАТО) құрды. 2010 жылғы қараша айында Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында ДАТО-ның 4 аймақтық бөлімі ашылды. 2011 жылғы қыркүйек айында   республиканың қалған 12 аймағында ашылды.

Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығын құрудың негізгі мақсаты – халыққа, фармацевтерге және медициналық қызметкерлерге  ДЗ туралы дәлелді және шынайы ақпаратты жеткізу арқылы дәрілік заттарды ұтымды және орынды пайдалануға ықпал ету, формулярлық жүйені дамыту, дәлелді медицина негізінде сұрақтарға жауап ұсыну, БАҚ-на ақпарат орналастыру  азаматтардың өз денсаулықтарына деген ортақ жауапкершілігін дамытуға жәрдем беру.

Сондай-ақ, ДАТО-ның негізгі қызметтеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен тегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпарат ұсыну,  кеңірек таралған патологиялар және препараттарды қолдану, олардың жанама әсерлері  бойынша  халықтың сауаттылығын арттыру жатады.

Ақпараттар БАҚ жарияланымдары, дәрілік бюллетендер, буклеттер мен плакаттар түрінде ұсынылады. Бұған қоса, практикалық денсаулық сақтау саласы үшін дәрілік заттарды ұтымды пайдалану, медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандар үшін білім беру семинарлары, дәрістер жүргізіледі, формулярлық комиссияларға ақпараттық және әдістемелік көмек көрсету және т.б. жөніндегі әдістемелік материалдар мен құралдар әзірленеді.

2011 жылы Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы халықты және медицина қызметкерлерін ақпараттандыру жөніндегі тегін  Сall-қызметі ашылды – 8 800 080 88 87. Кез келген стационар телефоннан  еліміздің шеңберінде қоңырау шалу – тегін. Сall-қызметіне хабарласып,  дәрілік препараттар туралы және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде азаматтардың тегін дәріге құқықтары, препараттардың тиімділігі және олардың жанама әсерлері туралы толық ақпарат алуға болады.

 Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығының мамандары өз жұмыстарында расымен де дәлелді және шынайы ақпарат ұсына отырып, дәлелді медицина көздерін және дәрілік заттар жөннідегі халықаралық деректер қорын пайдаланады.