Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Конкурсттар

Басып шығару

2014 жылдың 1-жартыжылдық қорытындысы бойынша «2014 жылдың Үздік пациенттері»  анықталды 

Толығырақ

Денсаулық сақтау министрлігі  «Үздік пациент - 2014» республикалық байқауының қорытындыларын жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2013 жылдан бастап Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығымен бірлесе отырып «Үздік пациент» байқауын өткізіп келеді. Байқаудың басты мақсаты – халықтың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру болып табылады.     

«Үздік пациент» атағына үміткерлер  уақытында қаралу және дәрігердің барлық нұсқауларын орындау, базисті препараттарды үнемі қабылдау, тамақтану режимі мен  диета сақтау, денсаулық мектептеріне белсенді қатысу, зиянды әдеттердің болмауы немесе емдеуді бастаған сәттен бастап зиянды әдеттен бас тарту, қандағы қант, холестерин деңгейін тұрақты түрде азайту және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау сынды қағидалар бойынша таңдалды. 

Осылайша, «Үздік пациент 2014» байқауының жеңімпазы болып -   Габдулкафеев Жават атанды. Әділ қазылар алқасы бірауыздан өз дауыстарын және құрметті 1-орынды Ақмола облысының 89 жастағы тұрғынына берді. Өзінің егде жасына қарамастан, Жават Нурсаифұлы  салауатты және белсенді өмір салтын ұстанады, дәрігердің барлық нұсқауларын сақтайды. Осы арқылы қария өз денсаулығының барлық көрсеткіштерін жақсартқан. Сондай-ақ, Жават Нурсаифұлы  ҰОС ардагерлері қоғамының ректоры, түрлі кездесулер, дәрістер, демалыс кештерін ұйымдастыушы болып табылады. Дәрігерлердің айтуынша, емделуші қанындағы қанттың, холестерин деңгейінің көрсеткіштері әрқашан тұрақты және соңғы 2 жылда аурудың асқынулары болмаған.  Өзінің ұзақ ғұмыр жасауының құпиясын ақсақал  салауатты өмір салтын сақтаумен байланыстырады.

Мен таңғы сағат 6-да оянамын. Орташа есеппен мен тек 5 сағат ұйықтаймын.  Дене және ми жұмысын үйлестіріп отырамын»,- дейді ол.  

Құрметті 2-орын 30 жылдан аса диспансерлік есепте тұрған Алматы қаласының тұрғыны - Генриэтте Шестаковаға берілді. Бірнеше жыл бұрын дәрігерлер оған бастапқы-бірнеше рак диагнозын қойған күннен бастап емделуші аурумен күресіп келген және емдеуші дәрігердің барлық нұсқауларын сақтаған. Аурудың күрделілігіне қарамастан ол бар күшімен өмір үшін, медицина қызметкерлерінің қатысуынсыз және жанұясының қолдауынсыз мүмкін болмайтын өмірі үшін  күресіп келген. Барлық диспансерлік бақылау жылдары бойы, емделушінің өзінің және дәрігердің тырысуы арқасында көшігулер мен қайталанулар байқалмаған.

Қартайған шағында, Генриэтта Шестакова тәрбиелік және ұстаздық қызмет атқаруда. Ұстазға «Ағарту үздігі» атағы берілген. Сонымен қатар,  ол Ардагерлер кеңесінің белсенді қатысушы бола отырып, қаланың қоғамдық өміріне араласып келеді.

3-орынды Павлодар облысының «Артериалдық  гипертензия. Қант диабетінің 2 түрі, субкомпенсация» диагнозымен диспансерлік есепте тұрған Соловьева Тамара иеленді. Соңғы 3 жылдың ішінде науқастың жағдайы тұрақтанған, асқынулар болмаған. Сондай-ақ, осы уақыт аралығында науқас ауруханаға жатқызылмаған, тіпті, жедел медициналық жәрдем шақырулары болмаған.

Тамара Соловьева өзінің денсаулығына ортақ жаупкершілікпен қарау қағидасын ұстанады және барлық өзінің замандастарын салауатты өмір салтын сақтауға шақырады.

Өз денсаулықтарын сақтауға жауапты, қоғамдық өмірге белсене араласатын, аурудан тез жазылуға, денсаулығының барлық көрсеткіштерін тұрақтандыруға ұмтылатын емделушілерді ынталандыру мақсатында биылғы жылы байқауға қатысқан үш адамға қосымша «Мен - өз денсаулығым үшін жауаптымын» атағы бекітілгендігін атап өткен жөн. Мұндай құрметке Қызылорда, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарынан келген емделушілер ие болды.

Рим философы Сенека: «Емделіп жазылудың бір шарты – жазылып кетуге ниет ету. Егер сіздің ниетіңіз іс-әрекеттеріңізден көрінбесе, онда дәрігердің барлық еңбегі зая кетеді», - деген. 

Осыған орай, біз өз кезегімізде, республикалық байқаудың жеңімпаздары мен номинанттарын құттықтай отырып, аталмыш байқау барлық қазақстандықтар үшін өз денсаулықтарына ұқыптылықпен қарау және салауатты өмір салтын ұстанудың үлгісі болады деген үміттеміз!

Баршаларыңызға берік денсаулық, бақ-дәулет тілейміз! Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды ұмытпаңыз!

Біздің қызметіміз Сіздерге арналады!

ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК Дәрі-дәрмек ақпараттық талдау орталығы


 

Қазақстанда 2013 ж. 2-жартыжылдық қорытындысы бойынша «Үздік пациент» анықталды

Толығырақ

Денсаулық сақтау министрлігі республикалық «Үздік пациент - 2013» байқауының қорытындысын шығарды.

Іріктеу диспансерлік есепте кемінде 1 жыл тұрған емделушілер арасында өтті.

Айта кетерлігі, байқау осымен екінші рет Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі және Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығымен республикалық деңгейде ұйымдастырылып отыр.  Мақсаты – тұрғындарды денсаулыққа деген ынтымақты жауапкершілікке негіздеу. 

 «Үздік пациентті» таңдау барысында емделушінің өз денсаулығына деген жауапкершілігі, дәрі-дәрмекке деген дұрыс көзқарасы, дәрігердің барлық тағайындаулары мен ұсыныстарын орындауы, тамақтану тәртібі мен диета сақтауы, жағымсыз әдеттердің болмауы, базисті препараттарды күнделікті қабылдауы, қандағы қант, холестерин, триглицеридтер деңгейінің төмендеуі, бір жыл бойы негізгі ауруы бойынша асқыну жағдайының байқалмауы, тексерілуге уақытылы келуі сияқты іріктеу өлшемедеріне мән берілді.

«Жеңімпаздарды анықтау қиынға соқты. Себебі, байқауға қатысқан әр емделуші өз денсаулығын сақтау мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Бізді қуантатыны – жеңімпаздар жүйелі түрде қажет тексерулерден өтіп отырады, уақытылы дәрігерге қаралады, салауатты өмір салтын ұстанады және де ең бастысы, өзімен қоса айналасындағылардың денсаулығына да жауапкершіліктері жоғары» - дейді байқаудың республикалық әділ-қазылар алқасының мүшесі, «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» бас директорының орынбасары Дәулетхан Есімов.

Байқау жеңімпазы – Ақмола облысының тұрғыны Досмағамбетова Қымбат Ахметжанқызы. Әділ-қазылар алқасы мүшелерінің айтуынша, Қымбат Ахметжанқызы пациенттер арасында барлық өлшемдер бойынша ең үздік болып шықты.  Емделуші 1-топ мүгедегі бола тұра, белсенді, салауатты өмір  салтын ұстанады, спортпен шұғылданады, Көкшетау қаласының мүгедектер Қоғамын басшылық етеді. Мұнымен қоса, диета сақтайды, әрдайым денсаулық мектебіне барады. Жеңімпазымыз өзінің денсаулық көрсеткішін жақсартып қана қоймай, 4 баланың анасы атанып отыр. Сонымен қатар, мүгедектер спортын дамытуға қосқан үлесі үшін облыс Әкімі ұсынған көпетеген Құрмет грамоталардың иегері. Мұндай адамдар үлкен құрметке лайық. Толыққанды, салауатты өмір сүргісі келетін барлық тұрғындарға үлгі боларлық тұлғалар. 

2-орын бірауыздан Астана қаласының емделушісі – Бұламбаева Қанипа Сыздыққызына берілді. Пациент 3 жыл диспансерлік бақылау кезінде дәрігердің барлық нұсқаулықтарын орындай отырып, денсаулық жағдайын тұрақтандыра алған.

Әрине бұл көрсеткіш, тек дәрігердің емес, Қанипа Сыздыққызының да үлкен еңбегінің жемісі. Емделушіміз – жауапкершілігі зор, белсенді жан екендігін байқатты. Қысқа уақыт ішінде ол, өз салмағын 7 кг-ға түсірудің арқасында артериалды қысымының төмендеуіне және қан көрсеткіштерінің жақсаруына, сәйкесінше өмір сапасының жоғарылауына қол жеткізген.

Жамбыл облысының тұрғыны 20 жасар Гердт Александр Федорович - 3-ші дәрежелі дипломның ең жас иегері атанды. Саша - көпбалалы қазақ отбасында тәрбиеленеді және мемлекеттік тілімізді жетік меңгерген. Ол – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған домбырамен күй орындау сайысында бірінші орынды иеленген, сегіз қырлы, бір сырлы азамат. Жастығына қарамастан, денсаулық мектебінің белсенді қатысушысы болып, салауатты өмір салтын ұстанатын Александр өз замандастары үшін үлгі көрсетер тұлға. 

Республикалық байқаудың барлық жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз. «Үздік пациент» байқауы халқымыздың салаутты өмір салтын ұстануына салмақты үлес қосарлық жақсы дәстүрге айналады деген үміттеміз!

Дәрі-дәрмек ақпараттық талдау орталығы барлық қазақстандықтарды келе жатқан жаңа 2014 жылмен құттықтайды. Сіздерге зор денсаулық, мөлдір маһаббат пен шексіз бақыт тілейміз. Өз өмірлеріңізді, денсаулықтарыңызды және жақындарыңыздың денсаулығын бағалай біліңіздер.

Біз Сіздерге көмек беру үшін құрылдық!

ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту 
республикалық орталығы» РМК 
Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы

Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін

8 800 08 88 87 нөміріне (Қазақстан бойынша тегін) хабарласуыңызға болады.

Біз сіздердің қоңырауларыңызға жауап беруге дайынбыз! www.druginfo.kz