Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Дәрілік бюллетендер

Басып шығару

Медикаментозды қателіктер (ДБ №16)

Медикаментозды қателіктер — бұл дәрігерлермен, басқа денсаулық сақтау қызметкерлерімен, фармацевттермен және науқастармен дәрілік заттарды тағайындау, шығару, қабылдау және сақтау процесстерінде жіберілетін қателіктер. Медикаментозды қателіктер түрлі аурулардың туындауына немесе ауруды ушықтыруға алып келуі мүмкін. Медикаментозды қателіктер келесі себептермен шақырылуы мүмкін:
Адамдар шатасып дәрілік заттарды теріс қабылдауы;
Дәрігерлер басқа препаратты немесе басқа мөлшерді тағайындайды. Фармацевттердің дәрігермен жазылған рецептті дұрыс оқи алмауы нәтижесінде  басқа препарат немесе теріс дозадағы препаратты босатуы;
Науқасқа қараушы тұлғалармен этикеткадағы жазудың дұрыс оқылмауы нәтижесінде науқасқа басқа препараттың немесе теріс дозадағы препараттың берілуі;
Фармацевттің немесе науқастың өзі препаратты сақтау ережелерін ескермегендігі нәтижесінде препараттың күшінің жойылуы.
Жарамдылық мерзімі өткен дәрілік препаратарды қолдану.

Медикаментозды қателіктер көп жағдайда адамдардың оларға тағайындалған дәрілік препаратын қалай және  қашан қабылдау керектігін шатастыруының нәтижесінде басқа препаратты немесе теріс дозадағы препаратты қабылдаудан болады. Толығырақ...

 

Медициналық қалдықтар (ДБ №15)

Негізгі деректер ДДСҰ мәліметтерінен алынған:

Медико-санитарлық қалдықтарының жалпы санының шамамен 85% -ы қалыпты қауіпті емес  қалдықтар болып табылады.
Қалған 15% -ы инфекциялық, улы немесе радиоактивті болуы мүмкін қауіпті материалдар болып саналады.
Әлемде жылына 16 миллиард инъекция жасалады, бірақ  қолданғаннан кейін барлық инелер мен шприцтер дұрыс жойылмайды.
Медициналық қалдықтар науқастарға, медицина қызметкерлеріне және басқа адамдарға жұқтыратын ықтимал қауіпті микроорганизмдерді қамтиды.


Медициналық қалдықтар кейбір жағдайларда өртенеді, соның нәтижесінде диоксиндер, фурандар және басқа улы ауаның ластағыштары пайда болады. Толығырақ...
 

Медициналық ұйымдарда стационарлық деңгейдегі дәрі-дәрмек менеджменті (ДБ №14)

Қазіргі уақытта қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелердің бірі дәрілік заттарды тиімсіз пайдалану, болып табылады(бұдан әрі –ДЗ).

2016-2019 жылдарға "Денсаулық"денсаулық сақтауды дамыту Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Ұлттық дәрілік саясатты іске асыру  ДЗ ұтымды қолдануды қамтамасыз ету бойынша міндеттерді іске асыру үшін, іс-шараларды әзерлеу, олардығ кешенін тиімді орындау және мониторингті көздейді.

2012 жылдың 2 қазандағы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің «Медициналық ұйымдарды аккредиттеу стандарттарын бекіту туралы» № 676 бұйрығының талаптары  Денсаулық сақтау ұйымдарда ДЗ қауіпсіз және ұтымды қолдануын тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін іс-шаралар кешенін жүргізу көзделеді.

Біріккен халықаралық комиссия - Joint Commission International (JCI) дәрі-дәрмектермен басқару және оларды пайдалану жүйесін тиімді қалыптастырғанда, медициналық ұйымдарға ДЗ қолдануының сараптама / ішкі аудитті бағалау индикаторларын пайдалана отырып, кем дегенде, жылына бір рет жүргізуді ұсынады.

ДЗ қолдану басқару жүйесін бағалау нәтижелері ұйымдарға олардың дәрі-дәрмектерді қолданудың сапасын және қауіпсіздігін үздіксіз жақсартуда басымдықтарын және қажеттіліктерінін түсінуге мүмкіндік береді.

Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығы  медициналық ұйымдарда стационарлық деңгейде ДЗ қолдануды тиімді басқару жүйесін ұйымдастыруға жәрдем көрсету мақсатында денсаулық сақтау ұйымдарында ДЗ қолдану басқарудың тиісті практикасын бағалауды жүргізді. Толығырақ... 

 

Антибиотиктерді дұрыс пайдалану (ДБ №13)

Жаңа антибиотиктерді ойлап табу мәселелері

2017 жылғы 20 қыркүйектегі Женева қаласында ДДСҰ өткен кезекті отырысында «Антимикробты агенттер клиникалық даму сатысында - антимикробты агенттердің клиникалық дамуын аналитикалық зерттеу, соның ішінде туберкулезге қарсы препараттар» тақырыбында баяндама ұсынылған, онда антимикробты препараттарға тұрақтылықтың өсу қатерімен күрестегі антибиотиктерді ойлап табу сатысында жаңа антибиотиктердің жетіспеушілігінің маңыздылығы көрсетілді.

  Толығырақ... 

 

 

 

 

Емдік дәрі дәрмектерді этикалық жылжыту (ДБ №12)

 

2016-2019 жылдағы «Денсаулык» бағдарламасына сәйкес Ұлттық дәрілік саясатты жүзеге асыру емдік дәрі-дәрмектерді тиімді пайдалануды қамтамасыздандыру бойынша мәселелерді жүзеге асыру үшін іс –шаралар жиынтығын әзірлеуді, орындауды және нәтижелілігін қарастырады. Емдік дәрі-дәрмектерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету негізі дәлелдік медицинаны ары қарай жетілдіру болып табылады. Сонымен бірге, барлық қатысушы жақтардың міндеттерін арттыра отырып, емдік дәрі-дәрмектерді жылжытудың этикалық нормалары енгізіледі. Емдік дәрі-дәрмектерді және медицина бұйымдарын этикалық жылжыту ережелері субъектілер арасындағы,негізінде келесі құндылықтар сақталатын дұрыс ара-қатынасты қамтамасыз ету мақсатында жасалады:

-тұлғаны сыйлау,

-емделушіге бағдарланған,

-айқындық,

- этикалық нормаларды сақтау және дәлелді клиникалық тиімділікті емдік дәрі-дәрмектерді тиімді қолдануды қамтамасыз ету сияқты құндылықтар сақталған,

- емдік дәрі-дәрмектер айналысы аясында субъектілер мен денсаулық сақтау субъектілерінің, емделушілер ұйымдарының, емдік дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдарды жылжытудағы ара-қатынасындағы тәртіпті анықтайды.  Толығырақ... 

 

 

11 Дәрілік бюллетен

Соматикалық аурулары бар балалардағы персистирленетін ауыруын дәрі-дәрмектермен емдеу  

Ауыру—бұл сенсорлық, физиологиялық, когнитивті, аффективті, мінез-құлықты және рухани құрауышты көпқырлы феномен.

Эмоциялар (аффективті құрауыш), ауырсынуға деген мінез-құлықтық реакциялар (мінез-құлықты құрауыш), қарым-қатынас, көңіл-күй, ауруға рухани және мәдени көзқарас және оны бақылау (когнитивті құрауыш) — бұл көрсеткіштер патологиялық (жағымсыз) тітіркендіргіштерді миға беру арқылы (физиологиялық құрауыш) сезінетін ауырудың барлық сипаттарын анықтайды (сенсорлық құрауыш) (Сур. 1)

 

 

 

10 Дәрілік бюллетен

РЕЦЕПТ— рецепт жазушы тұлға атынан рецепт бойынша дәрі босататын тұлғаға нұсқаулық.

Әр елдің рецепт үшін қажет етелетін ақпарат минимумының өзіндік стандарттары, дәрігер рецепті бойынша босатылатын дәрілер тізбесін анықтау бойынша өзіндік стандарттары мен ережелері бар.

Ең басты талап - рецепт анық жазылуы тиіс және негізгі 3 бөлімді қамтиды:   Recpe. Da. Signa.

Ешқашан былай жазбаңыз!

Rp: - бұл қысқартылған Recipe (латын тілінде — “алу”). Rp соң: дәрінің атауын, дозалануын және оның мөлшерін жазу керек .

….Белгіленген мөлшер әр таблеткада, суппозиторияда немесе ерітінді миллилитрінде қанша  миллиграмм болатынын көрсетуі тиіс. Пайдаланылатын қысқартулар жалпымен қабылданған, халықаралық болуы тиіс: г грамм, орнына мл миллилитр орнына.

Мысалы, Левотироксин 50 микрограмм,  бірақ 0,05 миллиграмм емес және т.б. .         

D.— бұл Da қысқартуы (латын тілінде — “беру»). Бұнымен дәрінің бір реттік дозасы белгіленеді.

Бақылауға алынған дәрілік заттарға берілетін рецепттерге жалған қосып жазуларды болдырмау мақсатында емдік заттың мөлшерін сөзбен жазған неғұрлым қауіпсіз саналады.    

S.—бұл қысқартылған Signa (латын тілінде “белгілеу»). Дәрілік затты пайдалану  жөніндегі нұсқаулық  пациент үшін дәрігер тарапынан жазылып, анық болуы, дозалау режимдері  және қолдану ерекшеліктері көрсетілуі  тиіс.

Түсініксіз жазылған рецепт қателерге жол беруі мүмкін.

 

9 Дәрілік бюллетен

Антибиотиктерге төзімділік — қоғамдық денсаулық сақтауға төнген ауыр қатер

 Өткен ғасырдың 40-жылдары антибиотиктердің ойлап табылуы адамзат үшін  ұлы жетістік болды.  Осыған дейін қазаға ұшыратқан пневмония, менингит, туберкулез сияқты басқа да аурулар тиімді емделе бастады.

Дәрігерлер белгілі бір кезеңге келгенде антибиотикке резистентнтілік (төзімділік) проблемасына тап болды.  Антибиотикке резистенттілік (АР)— бұл бір немесе бірнеше бактерияға қарсы препараттардың әсеріне инфекция қоздырғыш штаммдардың төзімділік феномені.

Антибиотикке резистенттіліктің дамуы табиғи үрдіс болып табылады, өйткені  тірі  биологиялық жүйе бола отырып, түрін сақтап қалу үшін әртүрлі қорғану әдістерін шығара бастайды.   Әйтсе де, антибиотикке резистенттіліктің қаншалықты жылдам, ал кейде тіпті драмалы түрде дамитындығы антибиотиктерді  пайдаланудың қалыптасқан тәжірибесіне байланысты болады. Әрі бұған қоғамның әр түрлі саласы  қатысады — халық, медицина қызметкерлері және қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі, ветеринария, ауыл шаруашылығы және басқа.

Бұл халықтың және медицина қызметкерлерінің  тарапынан  антибиотиктер мүлде әсер етпейтін вирустардың әсерінен болатын суық тию, ЖРВИ  сияқты кең таралған ауру түрлері кезінде жалпы өзін-өзі емдеуге  және антибиотиктерді негізсіз пайдалануға бет бұруларына байланысты. Бұған қоса, дәрігерлер асқынбаған инфекцияларды емдеуге резервті антибиотиктерді (III-IV буынның цефалоспориндері, фторхинолондар) жиі тағайындайды.

Химиялық құрлымына және әсер ету механизміне қарамастан барлық  антибиотиктердің ортақ бірқатар айрықша қасиеттері болады. 

Біріншіден, антибиотиктер көптеген басқа дәрілік заттармен  салыстырғанда адамның тіндерінде емес, микроорганизмдердің жасушаларында орналасқан нысана-рецепторларға әсер етеді.

Екіншіден, антибиотиктердің белсенділігі тұрақты болмайды, уақыт өткен сайын төмендей береді, бұл дәрілік тұрақтылықтың (резистенттіліктің) қалыптасуына байланысты.

Үшіншіден, антибиотикке резистентті микроорганизмдер өздері бөлініп шыққан пациент үшін ғана емес, тіпті уақытпен және кеңістікпен шектелген көптеген басқа адамдарға  да қауіпті.  Сондықтан да антибиотикке резистенттілік проблемасы қазіргі уақытта ғаламдық деңгейге жетті.

 

8 Дәрілік бюллетен

ПОЛИПРАГМАЗИЯ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕНІ ҚАРАСТЫРУЫ ТИІС

Заманауи фармакотерапия қазіргі адамның өмір сүру сапасын және ұзақтығын анықтайтын маңызды фактор болып табылатындығы сөзсіз.  Өлімге әкелетін қант диабеті сияқты аурулар, инфекциялар, жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары дәрілік препараттар ақылы тиімді емделеді.

Сонымен қатар, қолжетімді дәрілер санының көптігі (Қазақстанда 7 мыңнан аса атауы тіркелген)олардың артық тағайындалуына ықпал етеді, бұл «полипрагмазия» және «полифармация» деп аталады. 

«Дәріні шамадан тыс тағайындау» дегеніміз нені білдіреді?

«Полипрагмазия» – бұл науқастың бірнеше ауруын бір мезгілде емдеу үшін дәрілік заттарды көп мөлшерде пайдалану.

«Полифармация» - Науқастың бір ауруын емдеу үшін дәрілерді көп мөлшерде тағайындау.

«Полипрагмазия» терминімен атау үшін қолданылатын дәрілердің нақты саны жоқ, бірақ жалпы алғанда бұл  5-ке тең немесе одан көп. Полипрагмазия көптеген жағдайларда дәрігердің тағайындаған дәрілеріне қатысты айтылатын болса да , қолданылған рецептісіз босатылатын дәрілердің, қоспалардың және өсімдіктен алынған дәрілердің санын да ескерген маңызды.

Дәрілердің тағайындалуын бағалаудағы ДДҰ-ның базалық индикаторларының бірі  бір рецепттегі дәрілер саны болып табылады.  Бұл сан неғұрлым үлкен болса, соғұрлым дәрілердің шамадан тыс болу ықтималдығы және жағымсыз құбылыстардың дамуы жоғары.

 

7 Дәрілік бюллетен

 

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ЖАНАМА ӘСЕРЛЕРІ

Қазіргі уақытта біздегі дәрілік препараттардың саны өте көп. Бізде әсері күштірек ерекше дәрілер бар, оларды қолдану миллиондаған адамдарды емдеп шығарып, қайта өмірге әкеледі. Дәрілердің әрбір нақты жағдайда препаратты қолдана отырып сенім артатын негізі әсері (мысалы, анальгетиктерді ауыруды басу үшін қолданады, гипотензивтік препараттарды - артериялық қысымды төмендетуге және с.с.) және әдетте жағымсыз жанама әсерлері болады. Кез келген дәріні қабылдаған кезде жанама әсерлердің болуы мүмкін. Олардың жиілігі 10-20% дейін жетеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның (ДДҰ) анықтамасына сәйкес Жанама әсер (side effect) - фармацевтикалық өнімнің адамның қалыпты дозада қолданған кезде дамитын және оның фармакологиялық қасиеттеріне байланысты болатын кез келген болжанған әсері.
Жағымсыз дәрілік реакциялар (adverse drug reactions), ДДҰ сәйкес, - зиянды, аурудың алдын алу, диагностикалау және (немесе) емдеу, сондай-ақ физиологиялық функ- цияларды түзету және түрлендіру үшін адамға қолданылатын дозада ДЗ қабылдаған кезде дамитын организмге қауіпті күтпеген реакциялар.

 

6 Дәрілік бюллетен

 

Қазақстан Республикасындағы дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі

Қазіргі заманғы дәрі-дәрмектер дұрыс пайдаланған жағдайда ұлттың денсаулығын жақсарту үдерісіне үлес қосатыны даусыз. Бұл үшін республика нарығында дәрі-дәрмектер ұсынысын ілгерілетуді сапалы реттеу қажет екендігін бәріміз жақсы білеміз.
Бүгінде республиканың фармацевтикалық нарығында әлемнің 80 мемлекетінен келетін дәрі–дәрмектердің 7 мыңнан астам атауы бар. Қазіргі заман дәрігері Қазақстанның фармацевтикалық нарығындағы дәрі-дәрмектер туралы айтарлықтай толық ақпараттан хабардар, дәрі-дәрмектердің қауіпсіздігін бақылау жүйесі туралы түсінігі болуы— қандайда болмасын дәрілік заттың қолданылуын түсініп, оны тағайындауда дұрыс шешім қабылдай білуі тиіс. Тұтынушылар мен дәрі тағайындайтын дәрігерлер дәрі-дәрмекті анағұрлым ұтымды пайдалануда аса ыждаһатты болуы болуылары тиіс.
Фармацевтика секторының ел экономикасының дамуының маңызды құрамбӛлігінің бірі болып табылатын ұлттық қауіпсіздік саласына жатқызылғандығын естен шығаруға болмайды. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы (ДДҰ) жариялаған хабарламада «іскерлік ортаның негізді мақсаттары арасында әу бастан қақтығыс бар—бір жағынан, ӛндірушілердің, екінші жағынан, дәрігерлер мен халықтың дәрі-дәрмектерді таңдауы мен анағұрлым тиімді пайдалануға әлеуметтік, медициналық және экономикалық қажеттіліктерінің».

 

5 Дәрілік бюллетен

ЖҮРЕКТІҢ ИШЕМИЯЛЫҚ АУРУЫ

 

Жҥректің ишемиялық ауруы (ЖИА) – бҧл жҥрек бҧлшықеттерін қанмен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігімен тҥсіндірілетін созылмалы ауру. ЖИА-ны жҥректің коронарлық ауруы (ЖКА) деп те атайды.
ЖИА миокард инфарктінің (МИ) немесе тіпті кенеттен ӛлімнің (КӚ) пайда болуымен кӛрінуі мҥмкін, бірақ кейде ол бірден созылмалы нысанға ӛтеді. Мҧндай жағдайларда оның негізгі кӛріністерінің бірі кернеу стенокардиясы болып табылады. Фремингем зерттеуінің деректері бойынша кернеу стенокардиясы ерлерде—40,7%, әйелдерде — 56,5% жағдайда ЖИА алғашқы кӛрінісі болып табылады.
Стенокардия — кардиологтар мен терапевттер ғана емес, сонымен қатар барлық мамандық дәрігерлері кездестіретін ауру.

 

 

 

4 Дәрілік бюллетен

АРТЕРИЯЛЫҚ  ГИПЕРТЕНЗИЯ

 

 Артериялық гипертензия (АГ) дүниежүзінде және Қазақстанда өлім қаупінің басты факторы болып табылады. Дүниежүзінде инсульттан болған өлімнің 51%-ы және жүректің ишемиялық ауруларынан (ЖИА) болған өлім жағдайларының 45%-ы жоғары артериялық қысыммен (АҚ) тікелей байланысты. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша АГ жүрек-қан тамыр ауруларының құрылымында 47% құрайды, яғни жүрегі ауыратын әрбір екінші пациентте АГ бар. Осы бюллетеньнің мақсаты – қазіргі заманғы халықаралық ұсыныстарды, нақты айтқанда, Еуропалық қоғамның артериялық гипертония жөніндегі 2013 жылғы жаңа ұсыныстарының негізінде АГ-ны диагностикалаудың, емдеу мен алдын-алудың қазіргі заманғы жолдары туралы ақпаратты тәжірибедегі дәрігерлерге ұсыну. Бұл ретте, ұсыныстар клиникалық қызметкерлердің қызметін регламенттеп қана қоймай, науқастың клиникалық ерекшеліктеріне немесе әлеуметтік жағдайларына негізделетін жеке шешімдерді қабылдау мүмкіндігімен бірге оларға науқастарға ем жүргізудің негізделген қағидаттарын да ұсынады. Сонымен қатар, нақты клиникалық жағдайдың субъективті бағасын жоққа шығармай, ұсыныстар тәжірибедегі дәрігерлерді жеке тәжірибе мен субъективті пікірге ғана негізделген шешімдерді қабылдау мүмкіндігін шектей отырып, өз қызметінде дүниежүзілік клиникалық тәжірибені қолдануға шақырады. Күнделікті клиникалық тәжірибеде қазіргі заманғы ұсыныстарды қолдану арқылы ғана оларды енгізудің нақты нәтижелеріне сенуге болады. АГ фармакологиялық бақылаудың пайдасы соңғы жылдары көптеген зерттеулерде цереброваскулярлық асқыныстар, миокард инфаркті, іркілген жүрек жеткіліксіздігі, созылмалы бүйрек жетіспеушілігінен болған сырқаттану мен өлім жиілігінің төмендеуімен сенімді түрде құжаттандырылған.