Халықтың денсаулығына қамқор болу – дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығының басты мақсаты
Қазақстанда көптеген әлеуметтік қызметтер жұмыс атқарады, олардың жұмысын қарапайым адамдар байқай бермейді, бірақ бұдан оның маңыздылығы төмендемейді. Олардың қызметі ең алдымен халықтың қауіпсіздігін, денсаулығын және уақытылы хабардар болушылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Осылардың бірі Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығының (ДАТО) қызметі. ДАТО 2009 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік банктің әлеуметтік жобасы ретінде құрылған, 2011 жылы Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде қызмет ете бастады.
Бүгінгі күін ДАТО Астана қаласындағы Денсаулық сақтау саласын дамыт республикалық орталығының құрамында жұмысс істейді және барлық облыс орталықтарында 15 аймақтық бөлімі бар. ДАТО қызметкерлері дәрілік заттарды дұрыс қолдану бойынша ақпарат беруге тәжірибелері жеткілікті және дәлелді медицинаны пайдалана отырып препараттар туралы барлық мәліметтерді әділ бағалау мүмкіндігіне арнайы оқудан өткен дәрілік қамтамасыз ету, фармация және клиникалық фармакология саласындағы білікті мамандар болып табылады.
Суық тиюді емдеудің құны қандай?
Қысқы мерзімде, бөлмелер сирек желдетілетін кезде ауа құрғақ және жылы болып, вирустық аурулар үшін қолайлы орта пайда болады. Суық тию – бұл өте кең таралған аурулардың бірі, және ол адамнан адамға оңай беріледі. Жөтелу, түшкіру, тамақтың ауруы және тұмаурату инфекцияның негізгі симптомдары болып табылады, алайда олар бірнеше күннің ішінде жазылады. Вирустың шамамен екі жүз түрі болады, сондықтан көптеген жағдайда инфекция қайтып келеді, осылайша ересек адам жылына шамамен 4 рет, балалар 8 ретке дейін суық тиіп ауруы мүмкін. Өкінішке орай, суық тию ауруларынан вакциналар жоқ.
Тамақтың (көмейдің) немесе жоғары тыныс алу жолдарының (кеңірдек, бронхтар) инфекциялары да кең таралған. Зақымдалу орнына байланысты бұл инфекциялар ларингит, трахеит немесе бронхит және т.б. аталады. Дәрігерлер көбінесе «жіті респираторлық вирустық инфекция» (ЖРВИ) терминін қолданады, өйткені ЖРВИ-ге көбінесе виурстық инфекциялар себепші болады.
Антибиотикке рецепт алу үшін дәрігерге бару қажет пе?
Дегенмен, қыс. Нағыз сырқаттанып емделетін кез. Дәріханаға бару керек. Фармацевттердің ең жек көретін сұрақтарының бірі: "Қандай да бір антибиотик бересіз бе?" Бірақ неліктен «жек көрінішті»? Осындай жағымсыз сезімді түсіну қиын емес: көптеген суық тию ауруларын антибиотиктермен емдеп жазуға келмейді.
Адам бактериялар әлемінде өмір сүретіндігін, бәлкім, көпшілігіміз ойлай бермейтін шығармыз. Олар сыртымызда да, ішімізде де мекен етеді. Антибиотиктер, шынымен де ауру тудыратын бактерияларға қатты соққы беретіні рас, бірақ бұған қоса бүкіл ағзаға да орны толмас зиян келтіреді
Қазіргі уақытта антибиотиктерге, тіпті кез келген дәрілік затқа еркін қол жеткізуге болады. Міне, сондықтан да, оларды негізсіз пайдалану жиі кері нәтижеге әкеп соғады.
Қоршаған ортаның фармацевтикалық ластануы
Адамдар жүрген жерлердің бәрінде қоршаған ортаның, ең алдымен өңделген және өңделмеген ағынды сулардан фармацевтикалық препараттармен ластану қаупі болады. 200 әртүрлі фармацевтикалық агенттердің 200 астамы, оның ішінде антибиотиктер, стероидтық емес қабынуға қарсы препараттар (СЕҚҚП), анальгетиктер, гиполипидемиялық препараттар, эстрогендер, және басқа терапевтік топтың препараттары бүкіл әлем бойынша сулы және құрлық бетіндегі ортадан табылған.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 79-бабына сәйкес жарамсыз күйге түскен, жалған, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника өткізуге және медициналық қолдануға жарамсыз деп есептеледі және олар осы дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника қарауында тұрған, олардың айналысы саласындағы субъектілердің уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жойылуы тиіс.