2016 жылдың 14 мен 20 қараша аралығында Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс пайдалану апталығы өткізіледі
Антибиотиктерге бактериялардың төзімділігі - дүниежүзіндегі денсаулық сақтау саласына ортақ үлкен бір қауіп-қатер. ДДҰ-ның бастамасымен екі жыл қатарынан бүкіл әлем бойынша Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс пайдалану апталығы өткізілуде.
Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс пайдалану апталығы аясында Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының Дәрі-дәрмек орталығы Қазақстан бойынша медицина қауымы мен халық арасында аталған науқанды 2016 жылдың 14 мен 20 қарашасы аралығында өткізеді. Науқанның басты мақсаты – халықты ақпараттандыру және антибиотиктерге төзімділік қатері туралы түсініктерін арттыру.
Балаларды жастайынан антибиотиктерді дұрыс пайдалану дағдысына тәрбиелеу өте маңызды. Сондықтан науқан аясында Дәрі-дәрмек орталығы Астана қаласының мектептерінде «Тұмауды антибиотиксіз емдеу» атты интерактивті сабақтар өткізеді. Өткізілетін интерактивті сабақтар балаларды ойын түрінде антибиотиктерді дұрыс пайдалануға дағдыландырады.