2022 Дүниежүзілік микробқа қарсы препараттарды дұрыс пайдалану апталығы
Қазақстанда 2022 жылдың 18 — 24 қараша күндері арасында Дүниежүзілік микробқа қарсы препараттарды дұрыс пайдалану апталығы аясында «Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану ұлттық орталығы» ҚБ Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымымен бірлесіп, халықтың және медициналық қауымдастықтың арасында негізгі мақсаты микробқа қарсы препараттарға төзімділіктің қауіпін түсіндіру бұл жөніндегі ақпаратты жетілдіруді көздейтін ақпараттық кампания өткізді.
Сондай-ақ 23 қараша күніне 2022 жылы Шымкент қаласында Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдерінің және Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының өкілдерімен бірлескен микробқа қарсы препараттарға төзімділікпен күресудің негізгі әдістерін анықтау және ары қарай шаралардың жоспарын жасауға арналған дөңгелек үстел басындағы кездесу жоспарланды.
Қазақстан Республикасында 2019-nCoV Коронавирустық инфекциясын емдеу және диагностикалау клиникалық хаттамасы мақұлданды
Коронавирус — бұл вирустардың үлкен тобы, ол адамдарда бірқатар ауруларда тудыруы мүмкін вирустарды қамтиды - жалпы суықтан ауыр жіті респираторлық синдромға дейін. Осы топтан шыққан вирустар жануарларда да бірқатар ауруларды тудырады.
Қытайда ашылған коронавирустық инфекцияның жаңа 2019-nCoV штаммы бұрын адамдарда анықталмаған. (https://www.who.int/csr/disease/coronavirus_infections/ru/)
2020 жылғы 3 ақпандағы жағдай бойынша ДДСҰ мәліметтері бойынша аурудың 17 391 жағдайы расталды, Қытайдың өзінде 17 238 жағдай расталған (жаңа 2 831), 361 адам қайтыс болды. Вирус Қытайдан тыс жерлерде таралды - вирус 23 елде, оның ішінде Жапонияда, Таиландта, Сингапурде, Оңтүстік Кореяда, Австралияда, АҚШ-та, Малайзияда, Германияда, Вьетнамда, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Францияда және Канадада 153 жағдай расталды (жаңа 7), 1 адам қайтыс болды. (https://www.who.int/docs/default-source/coronaviruse/situation-reports/20200203-sitrep-14-ncov.pdf?sfvrsn=f7347413_2)
Қазақстанда 2020 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссиясымен «2019-nCoV Коронавирустық инфекциясы» емдеу және диагностикалау клиникалық хаттамасын қаралды және мақұлданды. Клиникалық хаттама жазылған кезде The Lancet, International Society for Infectious Diseases, International Society for Infectious Diseases, ВОЗ (WHO) және European Centre for Disease Prevention and Control халықаралық ұсынымдары пайдаланды. Қазақстан Республикасының аумағында осы аурудың пайда болуы жағдайында медицина қызметкерлері халыққа барлық қажетті көмек көрсетуге дайын.
ДСДРО Остеопороз бойынша III Республикалық конгресске қатысты
2019 жылдың 29-30 қарашада Алматы қаласында халықаралық қатысумен «Остеопороздың диагностикасы, алдын-алу және емдеудің өзекті мәселелері» атты III Республикалық конгрессі өтті. Конгресске Ресей мен Қырғызстаннан келген сарапшылар қатысып, эпидемиология, патогенез және осы патологияны қалпына келтіру, емнің болмауы салдары және науқастарға дәрі-дәрмек терапиясының қол жетімділігі туралы мәселелер талқыланды, Ресей остеопороз қауымдастығының білім беру мектебі өтті.
Конгресс шеңберінде «Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану» баяндамасымен Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығының басшысы м.ғ.к. Г.Жусупова сөз сөйледі.
2019 жылдың 5-6 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық сарапшылар қатысуымен «Медициналық білім: үздіксіз медициналық және фармацевтикалық білім беру жүйесін жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.
Конференция ұйымдастырушы бұл «Қазақстанның білім беруді дамытуды қолдау қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі.
Конференция мақсаты денсаулық сақтау саласындағы қосымша білім берудің өзекті мәселелерін талқылау және тәжірибемен алмасу, медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді оқыту болып табылады.