Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Басты

Құрметті сайтымызға кірушілер!

Біз Сіздерді Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану ұлттық орталығының ресми сайтында көруге қуаныштымыз. Сіздер дәрілік заттар, тегін дәрілік препараттарға деген құқықтар, сондай-ақ жиі кездесетін аурулар кезіндегі профилактикалық шаралар және қауіпті белгілер туралы пайдалы да қажетті ақпарат ала алады деген ойдамыз.

Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану ұлттық орталығы – бұл фармацевтикалық фирмаларға қатысы жоқ,  дәрілік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласындағы ұйымдармен тығыз байланыстағы ұйым. Орталық мамандары өз жұмыстарында дәлелді медицинаның ақпарат көздерін және дәрілік заттар бойынша халықаралық деректер қорын пайдаланады.

Осы сайт Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығы мен денсаулық сақтау саласының мамандары, сонымен бірге тұрғындар арасындағы денсаулықты қорғауға және нығайтуға, азаматтардың дәрілік сауаттылығын және өз денсаулықтарына деген ортақ жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған өзара қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты жақсарту мақсатында ашылған.

«Сұрақ - жауап» бөлімінде, Сіз өзіңізді қызықтыратын мәселелер бойынша орталықтың мамандарына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Орталықтың ресми web-сайты мұнда кірген әр адамға сенімді көмекші және ақпарат көзі болып қана қоймай, өзара түсіністікке және шешімдерге түрткі боларына деген үміттеміз.