2019 жылдың 5-6 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық сарапшылар қатысуымен «Медициналық білім: үздіксіз медициналық және фармацевтикалық білім беру жүйесін жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.
Конференция ұйымдастырушы бұл «Қазақстанның білім беруді дамытуды қолдау қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі.
Конференция мақсаты денсаулық сақтау саласындағы қосымша білім берудің өзекті мәселелерін талқылау және тәжірибемен алмасу, медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді оқыту болып табылады.
Аталған конференцияда «ДСДРО» РМК-дан спикерлер «2020-2025 жылдарға арналған халық денсаулығын жақсартудың мемлекеттік бағдарламасы» баяндамасымен бас директор А.Айыпханова, «Қазақстан Республикасында медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің қосымша білімі мен үздіксіз кәсіби дамуын одан әрі жетілдіру» баяндамасымен БҒДО–ның басшысы м.ғ.д. В.Койков, «Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану. Қазақстан Республикасының заңнамасындағы жаңалық» баяндамасымен ДЗМТҰПО басшысының орынбасары м.ғ.к. Г.Жусупова сөз сөйледі.
Сонымен қатар дәрілік заттарды ұтымды және дұрыс пайдалану, олардың қолжетімділігі және дәрілік жауапкершілігі, дәріханалық тиісті тәжірибесі, фармакоэкономика және фармацевтикалық кеңес беру туралы ф.ғ.д, профессор, И.М. Сеченов атындағы МММУ-нің дәрілік қамтамасыз ету және фармакоэкономиканы ұйымдастыру кафедрасының меңгерушісі Р.Ягудина және фармацияны дамыту стратегиясының сарапшысы Франс Стоббелаар мастер-класстар өткізді.