ДСДРО Остеопороз бойынша III Республикалық конгресске қатысты
2019 жылдың 29-30 қарашада Алматы қаласында халықаралық қатысумен «Остеопороздың диагностикасы, алдын-алу және емдеудің өзекті мәселелері» атты III Республикалық конгрессі өтті. Конгресске Ресей мен Қырғызстаннан келген сарапшылар қатысып, эпидемиология, патогенез және осы патологияны қалпына келтіру, емнің болмауы салдары және науқастарға дәрі-дәрмек терапиясының қол жетімділігі туралы мәселелер талқыланды, Ресей остеопороз қауымдастығының білім беру мектебі өтті.
Конгресс шеңберінде «Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану» баяндамасымен Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығының басшысы м.ғ.к. Г.Жусупова сөз сөйледі.
2019 жылдың 30 қарашасында Алматы қаласында ДЗҰПО басшысы дәрілік заттарды ұтымды пайдалану және формулярлық жүйені жетілдіру саласындағы ҚР-ның заңнамасына енгізілген жаңа өзгерістер бойынша «С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КАҚ-ның клиникалық фармакологтарымен кездесті.