Қазақстан Республикасында 2019-nCoV Коронавирустық инфекциясын емдеу және диагностикалау клиникалық хаттамасы мақұлданды
Коронавирус — бұл вирустардың үлкен тобы, ол адамдарда бірқатар ауруларда тудыруы мүмкін вирустарды қамтиды - жалпы суықтан ауыр жіті респираторлық синдромға дейін. Осы топтан шыққан вирустар жануарларда да бірқатар ауруларды тудырады.
Қытайда ашылған коронавирустық инфекцияның жаңа 2019-nCoV штаммы бұрын адамдарда анықталмаған. (https://www.who.int/csr/disease/coronavirus_infections/ru/)
2020 жылғы 3 ақпандағы жағдай бойынша ДДСҰ мәліметтері бойынша аурудың 17 391 жағдайы расталды, Қытайдың өзінде 17 238 жағдай расталған (жаңа 2 831), 361 адам қайтыс болды. Вирус Қытайдан тыс жерлерде таралды - вирус 23 елде, оның ішінде Жапонияда, Таиландта, Сингапурде, Оңтүстік Кореяда, Австралияда, АҚШ-та, Малайзияда, Германияда, Вьетнамда, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Францияда және Канадада 153 жағдай расталды (жаңа 7), 1 адам қайтыс болды. (https://www.who.int/docs/default-source/coronaviruse/situation-reports/20200203-sitrep-14-ncov.pdf?sfvrsn=f7347413_2)
Қазақстанда 2020 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссиясымен «2019-nCoV Коронавирустық инфекциясы» емдеу және диагностикалау клиникалық хаттамасын қаралды және мақұлданды. Клиникалық хаттама жазылған кезде The Lancet, International Society for Infectious Diseases, International Society for Infectious Diseases, ВОЗ (WHO) және European Centre for Disease Prevention and Control халықаралық ұсынымдары пайдаланды. Қазақстан Республикасының аумағында осы аурудың пайда болуы жағдайында медицина қызметкерлері халыққа барлық қажетті көмек көрсетуге дайын.
Теледидар мен интернет желісінде жарнамаланған, сондай-ақ кейбір тағайындалған вирусқа қарсы және иммуномодуляциялық препараттар аурудың алдын-алу және емдеу үшін тиімсіздігін ДСДРО-ның Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығы атап өтті. Осыған байланысты бұл препараттарды қолдануға болмайды! Оларға анаферон, назоферон, виферон, эргоферон, арбидол, кагоцел, иммупрет, ингавирин, иммунал, оксолин, инфлюцид, умкалор, ликопид, бронхомунал, ИРС 19 және т.б. сауда атаулардағы дәрілік заттарды жатқызуға болады. Жоғарыда көрсетілген препараттарды коронавирустық инфекцияның алдын алу және емдеу үшін пайдаланбауға ұсынамыз!
Жіті респираторлық инфекциясының таралу қаупін азайту үшін ДДҰ-ның келесі ұсыныстарын еске түсіриік:
- ЖРВИ жұқтырған адамдармен тығыз байланыста болуға жол бермеңіз.
- Қолды жиі жуыңыз, әсіресе науқас адамдармен немесе олардың айналасымен тікелей байланыста болғаннан кейін.
- Жабайы жануарлармен және малға жақындамау.
- Мұрнынан су аққанда, жөтел кезінде қол орамал пайдалану.
- Медициналық мекемелерде, ауруханаларда әсіресе жедел жәрдем бөлмелерінде инфекцияның алдын алу және бақылау бойынша стандартты тәжірибені күшейту
Жаңа коронавирустың белгілері:
- дене қызуының көтерілуі
- жөтел
- тыныс алудың қиындауы
Құрметті қазақстандықтар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қытай Халық Республикасынан келген барлық азаматтардан соңғы 14 күннің ішінде короновирустың белгілері байқалса жол жүріп келгеннен кейін тіркелу және медициналық қадағалап – қарау үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша участкелік дәрігерге хабарласуыңыз қажет.
Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға келген шетелдік азаматтардың соңғы 14 күннің ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталыққа 1406 нөмірі бойынша хабарласуын ұсынамыз.