Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Болашақ аналар үшін

Басып шығару

Жүктілік кезіндегі үрей туғызатын белгілерді дер кезінде анықтай біліңіз

Түрлі аурулар мен жағдайлардың үрей туғызатын, қауіпті белгілерін дер кезінде байқап-анықтау қаншалықты өзекті? Бәрінен бұрын, үрей туғызатын, қауіпті белгілерді адам  білмегендіктен сол алғашқы белгілер ескерілмейді, соның салдарынан медициналық көмек кеш көрсетіліп, тіпті өлімге душар етуі мүмкін. 

«Жүктілік — әрбір отбасы өміріндегі маңызды әрі керемет оқиға. Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының акушерлік және гинекология бөлімінің басшысы Талшын Үкібасова бұл мерзімді барынша сақ, ұқыпты болатын, өте жауапты кезең деп есептейді. Үрей туғызатын белгілерді байқай білудің және кез-келген жағдайда қажетті іс-әрекеттер қолдануға шешім қабылдаудың, жүктілікті қадағалап-қараудың анағұрлым дұрыс стратегиясын әзірлеуге көмектеседі.

Бүгінде, отбасын жоспарлау және ана мен бала денсаулығын қорғау саласындағы халықтың медициналық сауаттылығы, әсіресе қала жағдайында жоғарылады. Отбасы мен айналасындағылары жүкті әйелдің денсаулығына көбірек көңіл бөле бастады. Алайда, отбасының  барлық мүшелерінің денсаулығына  соның ішінде жүктіліктің соңына дейінгі ынтымақты жауапкершілік әлі жеткіліксіз деңгейде. Бүгінгі таңда, халық арасында адам денсаулығына және ең алдымен жүктілік кезеңіне толықтай дәрігерлер жауапты деген ескі тұжырым басым болып тұр. Есіңізде сақтаңыз! Дәрігер сіз қаралуға келген кездегі нақты сол жағдайға жауап беріп, диагнозды анықтап, тиісті ем жазып беруге міндетті. Осы орайда, айта кететін маңызды жәйт, дәрігерге уақытында қаралған жөн. Ал жүктілік дұрыс және асқынусыз өтуі үшін әйел, өз кезегінде, қатерлі белгілердің алдын-алуға  жауапты. Әртүрлі ақпарат көздерінің көмегімен адамдардың өз денсаулығына жауапкершілігі, айналасындағылардың денсаулығына қамқор болудың дұрыс жолын қалыптастыру үшін бізге бірнеше  жыл жұмыс істеу қажет. 

Негізгі екпін жас ұрпаққа бағытталуы тиіс. Дені сау аналардан денсаулығы жақсы ұрпақ туылады, қоғамымыздың ертеңгі күні қаншалықты саламатты қоғамға айналатыны бүгінгі жастарға байланысты.

Өзінің және өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығына жауапкершілікпен қарап, тек стационар жағдайында ғана емес, сонымен қоса, денсаулығымызға дер кезінде көңіл бөлейік!»

Жүктілік кезіндегі үрей туғызатын белгілер

Жүктілік жайлы көптеген ақпаратпен танысып, жақын-туыстар және достарыңызбен пайдалы ақпарат алмасып, ғаламторды аралап, пайдалы кеңестерді жаттап алсаңыз да жүктіліктің тоғыз ай бойы сіздің сезімдеріңіз қаншалықты қалыпты екенін түсіну кей-кезде мүмкін емес. Төменде көрсетілген ақпаратпен мұқият танысып, үрей туғызатын белгілерді біліп алыңыз. Егер Сіз төменде келтірілген мәселелердің кез-келгеніне тап болсаңыз, жедел дәрігерге көрініп немесе 103-ке хабарласыңыз!

Үрейлі сезімдер

Егер мазаңыз кетіп, бойыңызды үрей билеп, қобалжып, өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, дәрігерге көрініңіз. Егер жағдайыңыз дұрыс болмаса, Сізге көмек көрсетіледі. Ал денсаулығыңыз дұрыс болып, дәрігер жалпы күйіңізді жақсы деп таныса, жүрегіңіз орнына түсіп, қобалжымай үйге қайтасыз. Лоқсу немесе құсу (міндетті емес) болатын іштің жоғарғы немесе ортаңғы тұсындағы қатты ауырсыну. Бұл жедел ас қорыту жүйесі бұзылысының, асқазан-ішек инфекциясының, аспен уланудың немесе преэклампсияның қауіпті белгілері болуы мүмкін. Бұл кезде дереу шара қолдану керек. Жедел 103 телефон бойынша қоңырау шалыңыз!

Дене қызуының көтерілуі

Егер  дене қызыуыңыз 37,5 градустан жоғары болса, бірақ тұмау мен суық тиюдің белгілері болмаса,  сол күні шұғыл түрде дәрігерге хабарласу қажет. Егер Сіздің дене қызуыңыз 39 градустан жоғары болса онда тездетіп «жедел жәрдем» шақыртыңыз. Бұл инфекцияның белгілері болуы мүмкін, ол өз кезегінде Сіздің және балаңыздың денсаулығына қауіпті.          

Қолдың, беттің және көздің ісінуі

Жеңіл ісулер мен ісінулер жүкті әйелдердің шамамен 80%-да кездеседі және көбінесе қауіпті белгілер болып табылмайды. Алайда  ісінулер ерекше сипат алып, немесе кенеттен бас ауруы мен көздің көру қабілеті  нашарласа, бұл преэклампсияның дәлелі болуы мүмкін. Шұғыл 103-ке телефон шалыңыз!

Екі-үш сағаттан артық уақытқа созылған бастың ауырсынуы

Егер бастың ауырсынуы, көздің көру қабілетінің нашарлап, сонымен бірге қолдың, беттің және көздің айналасында ісінулер пайда болса, бұл преэклампсияның белгілері болуы мүмкін. Шұғыл 103-ке телефон шалыңыз!

Жыныс жолдарынан қан аралас сұйықтықтың бөлінуі

Жүктілік кезінде жыныс жолдарынан қан аралас сұйықтықтар бөлінсе, шұғыл түрде дәрігерге хабарласу қажет, өйткені мұндай қан аралас бөлінулер қатерлі асқынулардың белгілері болуы мүмкін, оның ішінде:

қатты қан кету, әсіресе белдегі немесе іштегі тоқтаусыз қатты ауырсынумен ұштасқанда, мүмкін болатын түсіктің белгісі болып табылады. Жүктіліктің кеш мерзімдерінде қан кету ұрықтық шарананың дұрыс бітпеуі немесе ажырауы, ерте босанудың (37-аптада босанған кезде) белгісі болуы мүмкін. Шұғыл 103-ке қоңырау шалыңыз!

Қағанақ суының кетуі

37-аптадан бұрын қағанақ суының кетуі ұрық қабының ерте жыртылуын білдіреді. Сізге инфекцияның алдын-алу және баланы мүмкін болатын ерте босануға дайындау мақсатында емдеу курстарын өткізу үшін ауруханаға жату ұсынылуы мүмкін.

Зәр шығарудың толық немесе жартылай токтауымен ұштасқан кенеттен басталған шөлдеу сезімі

Бұл ағзаның Сізде және Сіздің балаңызда асқынулардың даму қаупін арттыратын сусызданудың немесе гестациялық диабеттің белгілері болуы мүмкін.

Дене қызуының көтерілуімен, қалтыраумен және белдің ауырсынуымен ұштасатын зәр шығару кезіндегі ауырсыну немесе күюі сезімі

Бұндай белгілер антибиотиктермен емдеуді талап ететін зәр шығару жолдарының инфекциясы болуы мүмкін. Тез арада дәрігерге көрініңіз!

Бастың айналуы немесе талып қалу

егер сіз бір күн бойы тамақ ішпесеңіз осындай белгілер болуы ықтимал, алайда бұл кейде қан қысымының төмендеуінен де болуы мүмкін. Жүктілік кезіндегі жеңіл бас айналу – анағұрлым өзіндік құбылыс. Егер Сіз талып қалған болсаңыз, басқа да мүмкін себептерді болдырмау үшін дәрігерге көрініңіз.

Іштің төменгі тұсындағы бір жақты немесе екі жақты қатты ауырсынулар

Мұндай ауырсынулар жатыр байламдарына күш түскен кезде, жатырдан тыс жүктілік болған кезде, түсікте, ерте босануларда, миома түйінінің дегенерациясында, миома түйініне қан құйылғанда, дұрыс орныққан шарананың ерте ажырауында болуы мүмкін. Жүктіліктің 21-аптасынан кейін ұрық қозғалысының 24 сағаттан артық болмауы немесе бәсеңдеуі. Бұл ұрық жағдайының нашарлағанын білдіруі мүмкін. Егер Сіз ұрық қозғалысының әдеттегіден неғұрлым  бәсеңсігенін байқасаңыз дәрігерге көрініңіз.

Жүктіліктің үшінші тоқсанында терінің қышынуы

Бұл симптомдар жүкті әйелдердің холестазы сияқты бауыр ауруларын немесе гепатиттің болуын мәлімдеуі мүмкін. Жүктілік кезінде шамалы қышынудың болуы қалыпты деп саналады. Ол іштің ұлғаюына қарай терінің созылуымен байланысты. Дегенмен, қышынудың жиілігі артып, түнгі уақытта табан мен алақанға жайылып жатқанын байқасаңыз, міндетті түрде қышынудың себебін анықтағаныңыз жөн.

Сіз құлап немесе ішіңізді соғып алсаңыз   

Бұл жүкті әйелдерге өте қауіпті, сондықтан, тіпті өзіңізді жақсы сезінсеңіз де,  Сізге міндетті түрде жедел дәрігерге көрініп, оған болған жағдайды айтып беру қажет. Егер Сіз толғақты, қағанақ суының кетуін немесе қан кетуді байқасаңыз шұғыл түрде  жедел гинекологиялық көмекті шақыртыңыз.