Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Бір уақытта қанша дәрі қабылдауға болады және дәрілер бір-біріне қалай әсер етеді

Басып шығару

Үш және одан да көп дәрі жазылған  рецептіні көрген кезде, маған:  онда қандай тылсым күш  бар деген ой келеді!

И.П. Павлов

Денсаулық сақтаудың негізгі проблемаларының бірі дәрілік заттарды орынсыз (шектен тсы, жеткіліксіз, қате) пайдалану болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының берген бағасы бойынша, науқастардың жартысынан көбі дәрілерді дұрыс қолданбайды, ал бұл адамдардың денсаулығы үшін қауіп-қатерге әкеледі. Дәрілік заттарды шектен тыс қолдану – полипрагмазия (poly – «көп», және pragma – «зат», «нәрсе») -  артық емдеу терминімен белгіленеді. Анағұрлым танымал дәрілік полипрагмазия (полифармация),–     бірнеше дәрі-дәрмекті бір уақытта тағайындау.           

Полипрагмазия жайттары өсіп келеді, әсіресе бұған дәрілердің қол жетімділігі мен өзін-өзі емдеу ықпал етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, науқастардың жартысынан көбі дәрігерге жүгінбестен және дәрілердің үйлесімділігі жайлы білместен, дәрі қабылдайды.  

Дәріні үй жағдайында қай жерде және қалай сақтау керек?

Басып шығару

Әр үйде өмірде кездесетін әр тгүрлі жайттарға орай дәрі-дәрмек қоры бар дәріқұты болады. Оны көбінесе, дәрі-дәрмекті сақтауға қойылатын талаптар жайлы ойланбастан, қолайлы жерге сақтайды. Сақтау шарттарыбұкіл жарамдылық мерзімінде дәрінің емдік қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететіндей болуы тиіс. Сақтау шарттарын орындамау дәрінің тиімділігін жоюға әкеледі, ал кей кездері өмірге қауіп төндіреді. Олар денсаулыққа қауіпті бола түседі, себебі уландырып, немесе күтілетін емдік әсерге шек қоюы мүмкін. Мұның алдын алу үшін, дәрілік заттарды қалай сақтау керектігін білуі тиіс.

Дәріні қайда сақтау керек

Дәріні сатып алған соң, сақтау шарттары тұрғысында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Дәрілік заттар құрғақ, салқын, жарықтан қорғалған жерде, жылытқыш және қыздырғыш аспаптардан аулақ жерде сақталуы тиіс. Әдетте ыстық болатын, тамақ әзірлейтін ас бөлмесінде, тым көп ылғал болатын жуынатын бөлмеде, тікелей күн сәулесінің әсеріне ұшырайтындықтан, терезенің алдында мүлдем сақтауға болмайды.

Балалар және дәрілер

Басып шығару

Дәрігерлер мен мұғалімдерден ғажайыпты талап етеді, ал ғажайып жүзеге асқан кезде, ешкім таң қалмайды.

- Мария-ЭбнерЭшенбах

Дәрігерге жүгініп, одан баланы емдеу үшін мақұлдауын алуға берілетін кеңес қазір де өзекті болып табылады. Өйткені бүгінгі таңда аурумен күресу туралы шешімді көбінесе дәрігерлер емес, ауырған балалардың ата-аналары қабылдайды. Сонымен қатар, дәрілер күн өткен сайын, рецептурасыз дәріге көшіп барады және дағды бойынша қауіпсіз зат ретінде қабылдана бастайды. Бірақ бұл мүлдем олай емес. Балалар жиі ауырып қалады – және бұл табиғи үдеріс.  Ерте жастағы жиі аурулар баланың иммундық жүйесінің дамуына ықпал ететін табиғи үдерістің бір бөлігі болып табылады. Әдетте, бала қатарластарымен араласқанда шалдығатын аурулар жеңіл нысанда өтеді және ағзаға тек қана оларға қарсы қорғанышты қалыптастыруға көмектеседі. Міне дәл осы себептен, балаларға асқынбаған тұмау кезінде барлық ықтимал дәрілерді беруге болады ма деген сұраққа «жоқ» деп жауап берген дұрыс.

Антибиотиктерді бақылаусыз қолданудың қаупі

Басып шығару

«Егер бұл проблеманы шешпейтін болсақ, онда 20 жылдан кейін, науқастар ең әдеттегі операциялардан кейін әдеттегі инфекцялардан көз жұматын 19-шы ғасырға қайта ораламыз», - Ұлы Британияның бас медициналық офицері Салли Дэвис. 

Антибиотиктер тарихына 70 жылдан астам уақыт болды, бұл тарихтың негізін зеңнен пенсилинді бөліп алған Флеминг қалады.

«Антибиотиктер» терминін америкалық микробиолог З. Ваксман қолданысқа енгізді, ол 1952 жылы стрептомицинді ашқаны үшін Нобель сыйлығын алды. Терминнің өзі – антибиос, ежелгі грек тілінен шыққан («анти» - қарсы, «биос» - өмір).

Антибиотиктердің жасалуы адамзаттың ұлы жетістіктігі болды. Осыған дейін өлімге әкелген тырысқақ, дизентерия, өкпе қабынуы тәрізді аурулар тиімді емделе бастады. «Антибиотиктер ғасыры» осылай басталды.