Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Тегін телефон желісі

Орталықтың 8 800 080 88 87 бірыңғай тегін телефон желісі 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы шеңберінде 2011 жылы құрылған.

Мақсаты – халықтың дәрілік сауаттылығын арттыру және дәрі-дәрмектерді тиімсіз қолдануды болдырмау.

Қызметі:

1) халыққа дәрі-дәрмек жайлы деректер мен тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі шеңберінде берілетін тегін дәрілер жайлы ақпараттар ұсыну;

2) медицина қызметкерлерін дәлелдемелі медицина көздері мен дәрілік заттар бойынша халықаралық деректер базасын қолдана отырып, дәрілерді рационалды жазып беру, олардың өзара әрекеттесуі жайлы ақпараттандыру.

Орталықтың мамандары өз жұмысында дәлелдемелі медицина көздері мен дәрілік заттар бойынша халықаралық деректер базасын, дәрілерді медициналық қабылдау бойынша мақұлданған нұсқаулықтарды қолданады.

Бірыңғай тегін телефон желісіне күніне 30-дан астам сұрақтар келіп түседі.

8-800-080-88-87 біріңғай тегін телефонына хабарласу арқылы өз сұрақтарыңызды  қоя аласыз. Қазақстан бойынша қоңырау шалу – тегін.

Астана қаласы бойынша телефон – 700-950 (ішкі 1037).