ТМККК шеңберінде амбулаториялық деңгейде тұрғын халықты тегін қамтамасыз ететін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесі
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі - ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде амбулаториялық деңгейде азаматтарды дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен тегін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қаңтардағы № ҚР ДСМ-1/2020 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Дәрілік заттардың бұл тізбесіне ТМККК және МӘМС шеңберінде аурулардың 138 түрін емдеуге арналған тиімділігі дәлелденген препараттардың 617 атауы кіреді. Аталған 2020 жылдың қаңтар айынан қолданыста болады.
ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды алу үшін Сізге:
1-қадам: тұрғылықты жер бойынша емханаға бекітілу;
2-қадам: егер Сіздің ауруыңыз аталған Тізбеде болған жағдайда, диспансерлік есепке тұрып, учаскелік терапевтке немесе кәсіби маманға қаралуды жалғастыру қажет және тегін рецепт алу керек;
Қант диабетімен ауру адамға жадынама
Негізгі 10 ереже
1. Дұрыс тамақтаныңыз!
Диабеттің барлық түрлерін емдеудің негізінде диета сақтау жатыр.
Күндік рационның ересек адамның 1 кг дене салмағына шаққанда 105—210 кДж (25—50 ккал) құрайтын энергетикалық құндылығы нақты жұмсалатын энергиядан асып кетпеуі тиіс. Артық салмақ болған кезде рационның құндылығы 20—25 % төмендетіледі.
Рациондағы ақуыздардың, майлар мен көмірсулардың ұсынылатын арасалмағы: А—15—20%, М— 25—30 %, К — 50—55 % энергетикалық құндылығы бойынша; 1:0,7 (0,75): 2,5—3,5 массасы бойынша.
Қант диабеті кезіндегі тамақтану бойынша ұсынымдар
Құнарлығы төмен диетаның негізгі қағидасы мыналар:
1. құнарлығы жоғары - өте майлы өнімдерді, ішімдіктерді, қант пен тәттілерді алып тастау немесе бірден шектеу;
2. құнарлығы орташа өнімдерді—ақуыздар мен крахмалдарды аз мөлшерде қолдану ;
3. құнарлығы төмен өнімдерді—көкөністерді, аскөктерді, құнарсыз сусындарды еш шектеусіз еркінше қолдану.
Бөліп тамақтануды ұсынған жөн (аз-аздап күніне 5-6 рет). Бөліп тамақтану режимінен басқа жеңіл сіңірілетін таза көмірсуларды—қантты, балды, тәтті сусындарды, жеміс шырындарын диетадан алып тастау, өсімдік талшықтарының көлемін ұлғайту, ең аз аспаздық өңдеу ұсынылады.