Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Құнарлығы төмен диетаның негізгі қағидасы мыналар:

1. құнарлығы жоғары - өте майлы өнімдерді, ішімдіктерді, қант пен тәттілерді алып тастау немесе бірден шектеу;

2. құнарлығы орташа өнімдерді—ақуыздар мен крахмалдарды аз мөлшерде қолдану ;

3. құнарлығы төмен өнімдерді—көкөністерді, аскөктерді, құнарсыз сусындарды еш шектеусіз еркінше қолдану.

Бөліп тамақтануды ұсынған жөн (аз-аздап күніне 5-6 рет). Бөліп тамақтану режимінен басқа жеңіл сіңірілетін таза көмірсуларды—қантты, балды, тәтті сусындарды, жеміс шырындарын диетадан алып тастау, өсімдік талшықтарының көлемін ұлғайту, ең аз аспаздық өңдеу ұсынылады.

Қандағы қант көмірсуларды ғана арттырады, сондықтан құрамында көмірсулары бар өнімдердегі көлемін есептеу қажет.

Көмірсуларды есептеу үшін нан бірлігі деп аталатын шартты сан қолданылады (НБ).

1 НБ= 10-12 г көмірсу, нанның 20-25 г үзімінде болады.  


Нан және нан-тоқаш өнімдері = 1 НБ

Ақ нан = 1 тілім = 20 г

Қара бидай наны = 1 тілім= 25 г

Крекерлер (құрғақ печенье) = 5 дана = 15 г

Тұзды таяқшалар = 15 дана = 15г

Кептірілген нан = 2 дана = 15 г

Аунатылатын кептірілген нан = 1 ас қасық = 15г 


Сүт және сүт өнімдері = 1 НБ

Сүт, айран, қаймақ = 1 стақан = 250 мл 

Макарон және жарма өнімдері = 1 НБ

Вермишель, кеспе, түтік кеспе, макарондар = 1-2 ас қасық шикі және 2-4 дайын күйінде (өнімнің пішініне байланысты) = 15г

Қарақұмық, ұнтақ, сұлы, арпа жармалары, тары, күріш = 1 ас қасық шикі жарма немесе 2 ас қасық дайын ботқа = 15г 

Жүгері = 1/2 қаудан = 100 г

Ұн = 1 ас қасық = 15г


Картоп = 1 дана үлкен жұмыртқаның көлеміндей = 65 г

Картоп езбесі = 2 ас қасық = 75 г

Қуырылған картоп = 2 ас қасық = 35 г


подробнее