Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі - ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде амбулаториялық деңгейде азаматтарды дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен тегін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қаңтардағы № ҚР ДСМ-1/2020 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Дәрілік заттардың бұл тізбесіне ТМККК және МӘМС шеңберінде аурулардың 138 түрін емдеуге арналған тиімділігі дәлелденген препараттардың 617 атауы кіреді. Аталған 2020 жылдың қаңтар айынан қолданыста болады.
Халық ТМККК шеңберінде аурулардың 33 атауы (аурулардың 14 тобы) бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тегін алуға құқылы. Барлығы ТМККК шеңберінде Тізбе дәрілік заттардың 279 түрлерін (32 жаңа түрлері), медициналық бұйымдардың 18 түрлерін қамтиды.
Халық МӘМС шеңберінде ересектер мен 18 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда аурулардың 105 атауы (ересектерге арналған МӘМС - аурулардың 10 тобы, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған МӘМС - аурулардың 16 тобы) бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тегін беріледі.
Ересек адамдар МӘМС шеңберінде дәрі-дәрмектер аурулардың 40 атауы (оның ішінде 26 жаңа) бойынша және дәрілік заттардың 120 түрлері (95 жаңа түрлері) беріледі.
МӘМС шеңберінде балалар аурулардың 63 атауы (оның ішінде 52 жаңа) және медициналық бұйымдарды жай-күйлердің 2 атауы (оның ішінде 1 жаңа) бойынша дәрілік заттарды алуға құқылы. Аталаған аурулардың атауларында дәрілік заттардың 218 түрлеріне (оның ішінде 215 жаңа), медициналық бұйымдардың 16 түрлеріне (оның ішінде 15 жаңа) Тізбе кеңейтілді.
Сәбиді күтіп қарауға арналған жиынтық (жаңа туған нәрестенің дәрі қобдишасы) Тізбеден шығарылғанын атап өту керек.
Тегін дәрілерге құқықтарыңыз жайлы толық ақпаратпен "Азаматтардың тегін дәрілерге құқылары" сілтемесі арқылы таныса аласыз.
Өз құқыларыңызды біле жүріңіздер! Барлық сұрақтар бойынша Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығының бірыңғай тегін телефон желісі бойынша хабарласыңыздар: 8 800 080 88 87 – Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін!