Суық тиюді емдеудің құны қандай?
Қысқы мерзімде, бөлмелер сирек желдетілетін кезде ауа құрғақ және жылы болып, вирустық аурулар үшін қолайлы орта пайда болады. Суық тию – бұл өте кең таралған аурулардың бірі, және ол адамнан адамға оңай беріледі. Жөтелу, түшкіру, тамақтың ауруы және тұмаурату инфекцияның негізгі симптомдары болып табылады, алайда олар бірнеше күннің ішінде жазылады. Вирустың шамамен екі жүз түрі болады, сондықтан көптеген жағдайда инфекция қайтып келеді, осылайша ересек адам жылына шамамен 4 рет, балалар 8 ретке дейін суық тиіп ауруы мүмкін. Өкінішке орай, суық тию ауруларынан вакциналар жоқ.
Тамақтың (көмейдің) немесе жоғары тыныс алу жолдарының (кеңірдек, бронхтар) инфекциялары да кең таралған. Зақымдалу орнына байланысты бұл инфекциялар ларингит, трахеит немесе бронхит және т.б. аталады. Дәрігерлер көбінесе «жіті респираторлық вирустық инфекция» (ЖРВИ) терминін қолданады, өйткені ЖРВИ-ге көбінесе виурстық инфекциялар себепші болады.
Жоғарғы тыныс алу жолдары инфекцияларының симптомдары қандай?
Жалпы суық тию симптомдары мыналарды қамтиды:
- Қалтырау (37,7 ° C немесе одан жоғары) және тоңу;
- Бастың ауруы, бұлшық еттердің ауруы және шаршау;
- Жөтелу;
- Мұрынның бітелуі, тұмаурату сияқты мұрындық симптомдар (мұрыннан судың ағуы және түшкіру);
- Тамақтың ауруы.
Симптомдар,әдетте, 2-3 күннен кейін біртіндеп азаяды. Алайда о 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін, өйткені инфекциядан болған тыныс алу жолдарының ісінуінің (қабынуы) қайтуы ұзақ уақытқа созылуы мүмкін, бұл қалыпты жағдай. Ауырсыну, ыстықтың көтерілуі сияқты ілесе жүретін симптомдар оларға қарағанда жылдамырақ басылады.
Сонымен, суық тиюді емдеудің құны қанша?
Адамдардың көпшілігі суық тию ауруларының алғашқы симптомдары пайда бола салысымен бірден дәрі-дәрмекпен емделу немесе алдын алу үшін дәріханаға жүгіреді. Қаізріг таңда Қазақстанда 7000 аса дәрілік прерпарат тіркелген.
Дәріханадан сіздер тиімділігі дәлелденбеген немесе күмәнді дәрілік заттардың, ББЗ-дың, гомеопатиялық заттардың көптеген түрлерін таба аласыз. Төменде емделудің екі нұсқасы және олардың теңгемен есептелген салыстырмалы құны келтірілген.
Ересек адамның суық тию ауруын 1 күн емдеу құны * |
|
Дәріні дәріханадан өз бетімен сатып алған кезде |
Дұрыс емделу |
1) Ыстық түсіретін заттар (ішуге арналған ерітінді дайындауға арналған құрамында парацетамолы бар ұнтақ дәрі) Ең көп дегенде тәулігіне 4 рет 1 қалташаның бағасы =130 теңге Тәуліктік емделу (4 қалташа) = 520 теңге; 2) Мұрын жолдарын шаюға арналған - теңіз суы(спрей): 1 құты = 2040 теңге; 3) Тамақ ауырған кезде (соруға арналған пастилкалар, мұз кәмпиттер, таблеткалар, спрей және т.б.) 1 пастилкадан күніне 4 рет 1 пастилка = 24 теңге 1 тәулікте (4 пастилка) = 96 теңге. 4) Иммуномодуляторлар (таблеткалар) Ең көп дегенде тәулігіне 4 рет 1 таблетка=280 теңге 1 тәулікте (4 таблетка)=1120 теңге; 5) Оксиметазолин (қан тамырларын тарылтатын мұрынға арналған тамшылар) 1 құты=360 теңге
|
1) Ыстық түсіретін дәрі (Парацетамол, таблетка 500 мг) Ең көп дегенде тәулігіне 4 рет 1 таблетка = 2 теңге Тәулігіне (4 таблетка) = 8 теңге 2) Мұрын жолдарын және тамақты шаюға арналған үй жағдайында дайындалған тұз ерітіндісі Йодталған тұз (1 кг) =50 теңге Тек бір бөлігі ғана қолданылады ≈ 10 теңге 3) Улануды жою үшін Жиі жылы суысын ішу = тегін 4) Толыққанды тамақтану |
Барлығы4136 теңге |
Барлығы18 теңге |
*Ақпарат көздері: 08.12.2015 жылғы жағдай бойынша интернет-дәріхана «Гиппократ» http://www.gippokrat.kz/сайты және http://i-teka.kz/сайты.
Суық тиюді емдеген кезде көп адамдар қосымша вирустық инфекцияларды емдеудегі тиімділіктері дәлелденбеген иммуномодуляторларды және гомеопатиялық заттарды сатып алады, бұл қаржының негізсіз жұмсалуына әкеп соғады.
Сонымен, суық тибді ұтымсыз өз бетімен емдеу кезінде 1 күнде шамамен 4136 теңге жұмсалады, ал суық тию инфекцияларын ұтымды емдеу кезінде 1 күндік емделуге 18 теңге ғана жұмсауға болады.
Жоғарғы тыныс алу жолдарын емдеу қандай болуы тиіс?
Емдеудің негізгі мақсаты – Сіздің иммундық жүйеңіз инфекциямен күресіп жатқанда симптомдарды жеңілдету.
Ең пайдалы ем-шаралар:
- Егер ыстыңғыңыз көтерілсе, ағзадағы бірқалыпты сұйықтық тапшылығын болырмас үшін көбірек сұйықтық ішу (сусыздану).
- Егер сіз шылым шегетін болсаңыз, Сіз темекі тартпауға тырысқаныңыз жөн. ЖРВИ және қауіпті өкпе аурулары, әдетте, шылымқұмарларда ұзағырақ жүреді.
- Көбірек демалыңыз.
- Парацетамол, ибупрофен немесе аспирин тек жоғары температураны (қалтырау) түсіру үшін ғана қолданылады (16 жасқа дейінгі балалар аспирин ішуге болмайды).
Суық тиюді жазатын арнайы дәрілер жоқ - Сіз тек симптомдарды ғана жеңілдете аласыз.
Суық тию мен жөтелге басқа дәрілерді қолдануға бола ма?
Дәріханада фармацевт Сізге суық тиюге қарсы әртүрлі препараттардың жиынтығын ұсына алады. Олардың көбісінің тиімділіктері дәлелденгендіктері туралы ақпарат жеткіліксіз, кейбіреулері инфекция симптомдарын жоюға ғана көмектесе алады. Мысалы, ісінуге қарсы мұрынға арналған спрей мұрынның бітелу симптомын қысқа мерзімге ғана жеңілдете алады.
Көпкомпонентті дәрілік препараттардың құрамында бірнеше ингредиенттер болатындығы естеріңізде болсын. Кейбіреулері ұйқышылдық тудырады. Бұл суық тиюдің салдарынан Сіз ұйықтауға қиыналсаңыз, пайдалы болуы мүмкін. Бірақ осы дәрілерді қабылдағаннан кейін маужырай бастасаңыз, автомобиль жүргізбеңіз. Кейбіреулері қан қысымын немесе глаукомасы бар пациенттердің ұстамасын қоздыруы мүмкін. Олардың көпшілігінң құрамында парацетамол бар. Сақ болыңыз және Сіз бұған дейін парацетамол таблеткасын қабылдаған болсаңыз, парацетамолдың рұқсат етілген ең жоғарғы мөлшерінен асырмаңыз. Парацетамолды мөлшерден артық қабылдау жіті бауыр жеткіліксіздігінің дамуына себепші болуы мүмкін.
Егер сіз ісінуге қарсы мұрынға арналған спрейді пайдаланатын болсаңыз, оны пайдалануды 3-5 күннен асырмаңыз. Одан ұзақ қолданатын болсаңыз, мұрын мүлдем ашылмауы мүмкін. Бұл «рикошет әсері» деп аталады, яғни рецепторлардың сезімталдығы төмендейді және препарат әсер етпейді.
2009 жылдың наурыз айында Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды реттеу агенттігі (MHRA, Ұлыбритания) маңызды өтініш жасады, онда былай делінген:
«Жаңа ұсынымның мәні мынада: ата-аналар мен қомқоршылар суық тиюді және жөтелді емдеуге арналған рецептсіз босатылатын дәрілерді 6 жасқа дейінгі балаларға қолданбаулары тиіс. Олардың тиімділіг туралы ешқандай дәлелдер жоқ, бұған қоса олар аллергия, ұйқышылдық немесе галлюцинациялар сияқты жанама әсерлер тудыруы мүмкін»
Антибиотиктер суық тигенде көмектесе ала ма?
Антибиотиктер вирустық ауруларға әсер етпейді – бұл барлығымызға мәлім! Адамның иммундық жүйесі жеңіл инфекциямен өзі күресе алады. Антибиотиктердің ЖРВИ-ден жазылуды жеделдетпейтіндігі дәлелденген, керісінше, тіпті жағдайды нашарлатып жіберуі мүмкін, өйткені кейбір адамдарда жанама әсерлер пайда болуы мүмкін - диарея, аллергия немесе улану.
Естеріңізде болсын! Антибиотиктерді тек дәрігерлер ғана тағайындайды!
Егер Сізде дәрілік заттарды қабылдау бойынша кез келген сұрақтарыңыз болса, Call-қызметінің тегін нөміріне 8 800 080 88 87 қоңырау шалыңыз немесе біздің ресми сайтымызға хат жазыңыз - www.druginfo.kz.
Біздің қызметіміз Сіздер үшін!
Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы
ҚР ДСӘДМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК