Антибиотикке рецепт алу үшін дәрігерге бару қажет пе?
Дегенмен, қыс. Нағыз сырқаттанып емделетін кез. Дәріханаға бару керек. Фармацевттердің ең жек көретін сұрақтарының бірі: "Қандай да бір антибиотик бересіз бе?" Бірақ неліктен «жек көрінішті»? Осындай жағымсыз сезімді түсіну қиын емес: көптеген суық тию ауруларын антибиотиктермен емдеп жазуға келмейді.
Адам бактериялар әлемінде өмір сүретіндігін, бәлкім, көпшілігіміз ойлай бермейтін шығармыз. Олар сыртымызда да, ішімізде де мекен етеді. Антибиотиктер, шынымен де ауру тудыратын бактерияларға қатты соққы беретіні рас, бірақ бұған қоса бүкіл ағзаға да орны толмас зиян келтіреді
Қазіргі уақытта антибиотиктерге, тіпті кез келген дәрілік затқа еркін қол жеткізуге болады. Міне, сондықтан да, оларды негізсіз пайдалану жиі кері нәтижеге әкеп соғады.
Осы мәселенің өзекті болуы неліктен? Өйткені медицинада резистенттілік (тұрақтылық) деген ұғым бар – организмнің (кез келген тірі) өзіне зиянды барлық әсерлерге қарсы тұру немесе кедергі келтірі қабілеті. Соңғы кездері барлық денсаулық сақтауға, мал өсіруге, тағам өндірісіне және т.б. қатысты қызмет саласында қауіпті микроорганизмдердің барлық дәстүрлі зарарсыздандыру құралдарына төзімділіктің артып келе жатқаны соншалықты, тазарту және зарарсыздандыру препараттарының түбегейлі жаңа тәсілдерін жасап шығаруды талап етеді.
Бұның адамға қатысы қанша? Сізді дұрыс антибиотикпен емдесе де, Сізге ештеңе көмектеспейді. Бұл қалай болғаны? Бактериялардың өз бейімділіктері болады. Қасиеттерін өзгерте отырып, олар антибиотиктерге көндігіп алып, оларды місе тұтпайды.
Қазіргі кезде антибиотиктерді дәрігерлер де, пациенттер де өз беттерімен тым жиі қолданады. Тұжырым мынадай – пациент разы болса болғаны.
Антибиотиктер туралы әркімнің білуі тиіс ең маңызыды нәрсе – бұл олардың вирусқа қарсы қауқарсыз болатындықтары, олар тек қана бактериялармен, паразиттердің кейібр түрлерімен және зең жұқпаларымен ғана күресе алады. Біздің антибиотиктермен емдеуді жақсы көретін суық тию, грипп, бронхит, тұмау тию және тағы басқа көптеген аурулар көбінесе вирустардың әсерінен туындайды және олардың бактериялардан болуы өте сирек.
Антибиотиктерді қай кезде қолдану керектігін тек дәрігер ғана шешеді!
Көбінесе суық тию аурулары (шығу тегі кез келген) 5-7 күнге ғана созылады және жасауға болатын жалғыз нәрсе — симптомдарды жою. Бірақ кей кезде, бактериялық вирустар қосылатын болса, дәрігер антибилттиктерді тағайындауы мүмкін.
Вирустық инфекцияны бактериялықтан ажырату оңайға соқпайды. Кейде тіпті зертханалық зерттеулер жасау қажет болады. Мысалы, тамақтың ауруы ненің әсеріне болғандығын оған жай ғана қарап анықтау мүмкін емес. Бұған вирустар да, аудағы тітіркендіруші факторлар да, стрептококк (бактериялық) инфекциялары да әсер етуі мүмкін. Тек соңғы жағдайда ғана—оның ішінде, асықынулардың (ревматизм, оған қоса жүректіңақауы және т.б. ) алдын алу үшін антибиотиктер тағайындалады.
Вирустар мен бактериялар — бұл екі түрлі нәрсе.
Антибиотиктер —микроорганизмдердің (көбінесе саңырауқұлақтардың) тіршілік ету өнімдері және олардың синтетикалық туындылары. Олар бактериялардың өлімін тудырады, не болмаса олардың өсіп өнуіне кедергі келтіреді.
Инфекция тудыратын вирустар көлемі жағынан бактериялардан кішірек болады, бірақ күрделі схема бойынша әсер ететін оларға қарағанда жетілген микроорганизмдер.
Антибиотиктерді неліктен өз бетімен тағайындауға болмайды?
Барлық антибиотиктердің химиялық құрылымы мен әсер ету механизмдерінің өзгешеліктеріне қарамастан, ерекше ортақ қасиеттері болады.
Біріншіден, антибиотиктердің ерекшелігі сол, басқа дәрілерге қарағанда нысана-рецепторлары адамның тіндерінде емес, микроорганизмдердің жасушаларында болатындығында.
Екіншіден, антибиотиктердің белсенділігі тұрақты болмайды, уақыт өтке сайын төмендей бастайды, бұған себеп дәрілік тұрақтылықтың (резистенттіліктің) қалыптасуы. Тұрақтылық антибиотиктерді негізсіз және жиі пайдаланудан, және сіз емдеу курсынан толық өтпесеңіз пайда болады. Антибиотикке резистенттілік шарасыз биологиялық құбылыс болып таблыады және іс-жүзінде оның алдын алу мүмкін емес.
Үшіншіден, антибиотикке резистентті микроорганизмдер олар анықталған пациент үшін ғана емес, тіпті уақытпен және кеңістікпен бөлінген басқа адамдар үшін де қауіпті. Сондықтан антибиотикке резистенттілікпен күресу қазіргі уақытта ауқымды мәселеге айналды.
Мысал үшін: өкпенің қабынуы – емдеу 10 — 14 күн, зәр шығару жолының инфекциясы – 20 күнге дейін. Бұл ақша «суыру» мақсатында жасалмайды. Барлық патогенді қоздырғыштардың көзін құрту қажет. Сіз антибиотикті 3 – 4 күн қабылдайтын болсаңыз, жағдайыңыз жақсарып қалады да, оны ішуді тоқтатасыз, олай емделудің мәні жоқ. Бәрібір бактериялардың бір бөлігі аман қалып, көбейген кезде мутацияға ұшырап бейімделіп кетеді.
Бұл әсіресе педиатрияда толғандыратын мәселе. Бала өзін жайсыз сезінсе, ЖРВИ белгілері болса бірден антибиотик береміз. Кейіннен бұл балаларда антибиотиктерге резистенттілік пайда болуы мүмкін.
Дәріханаға барудың және фармацевттердің пікіріне сүйенудің қажеті жоқ. Неге? Біріншіден: жайсыздықты қандай бактерия тудырғандығын сіз білмейсіз. Және антибиотикті сатып алудың ондай жағдайда көзсіз сатып алудан еш айрымашылығы жоқ. (неге қолым тисе – сол менікі). Антибиотиктер вирусқа әсер етпеген күннің өзінде!!! Екіншіден: егер сіз фармацевттен кеңес сұрасаңыз, ол сізге ең кең ауқымды әсер ететін антибиотикті ұсынады. Үшіншіден: сіз толық емделу курсы қандай екендігін білмегендіктен аяғына дейін жеткізбейсіз.
Егер антибиотиктерді дәрігердің нұсқауын қатаң сақтай отырып қабылдайтын болсаңыз, жанама әсерлердің даму ықтималдығын ең төменгі дәрежеге жетікзесіз. Алайда ол бар және ағзаның жеке ерекшеліктеріне және антибиотиктің түріне байланысты.
Бірақ ең бастысы: бактериялық инфекцияларды болдырмас үшін антибиотиктер туралы мүмкіндігінше ойлауға тырыспаған жөн, әсіресе дәретханаға барғаннан кейін, тамақтану алдында, сондай-ақ шикі етке қол тигізгеннен кейін қолды сабынмен жиі жуып тұрса жеткілікті (бактерияға қарсы сабынмен жуу міндетті емес)!
Антибиотиктерді белгілі бір айғақтар бойынша дәргерд ғана тағайындауы тиіс, антибиотикті таңдау аурудың сипаты мен ауырлығына, сондай-ақ пациенттің бұрын алған препараттарына байланысты. Және тек дәрігер ғана микробқа қарсы препаратты ауыстыру мәселесін шеше алады.
Антибиотиктер не істей алмайды:
- вирустарға әсер етпейді;
- дене қызуын төмендете алмайды;
- бактериялық асқынулардың дамуын тоқтата алмайды.
Антибиотиктерді негізсіз пайдалану:
- микрофлоралар резистенттілігінің артуына әкеп соғады (кейін бұл препарат көмектесе алмайды);
- организмнің қалыпты микрофлорасының бұзылуына әкеп соғады (үнемі емес, тек дұрыс тағайындалмаған жағдайда);
- жағымсыз реакциялардың даму қаупін арттырады (аллергия, ферменттеу жұмысының бұзылуы және т.б.);
- емдеуге шығынның көп жұмсалуына әкеп соғады.
Сонымен, антибиотиктерді қабылдау қалыпты микрофлораны бұзады, нәтижесінде иммунитет күрт төмендейді. Сол кезде көптеген бактериялардың ағзаға енуіне жеңіл мүмкіндік туады - сөйтіп адам өте қауіпті ауруларға ұшырайды. Сондықтан синтетикалық антибиотиктермен емдегеннен кейін организм әртүрлі қауіпті бактериялардан іс-жүзінде қорғансыз болып қалады.
Антибиотиктерді қабылдаған кезде нені біліу қажет:
- Басқа да дәрі-дәрмектерді сияқты, антибиотиктерді тек дәрігер тағайындауы тиіс!
- Егер сіз антибиотиктермен емделіп жүрсеңіз, жағдайыңыз тәуірлене салысымен оларды қабылдауды бірден тоқтатпаған жөн. Тек маман ғана емделу уақытын анықтай алады.
- Дәрігерден немесе әсіресе дәріханада өзіңізге әсері күшті дәрі сұрамаңыз. Ондай дәрілер әрдайым пайдалы бола бермейді.
- Ата-аналар баланың қашан және қандай мөлшерде дәрі қабылдағанын біліулері тиіс. Ондай ақпаратсыз маман антибиотиктерді дұрыс тағайындай алмайды. Ең дұрысы балаға берген дәрілердің атын жазып алу. Сонымен қатар, аллергияның кез келген белгілеріне назар аударыңыз.
- Препараттың дәрігер тағайындаған дозасын өз бетімен түзеудің қажеті жоқ. Антибиотиктердің аз көлемі қауіпті болуы мүмкін, өйткені төзімді бактериялардың пайда болуына ықпал ету мүмкін.
- Нақты препаратты қабылдау ережелерін қатаң сақтаңыз.
- Жанама әсерлермен күресу шараларын да дәрігер анықтайды.
2015 жылы ҚР ДСӘДМ ДСДРО ДАТО антибиотиктердің Қазақстанда пайдаланылуы бойынша жағдайларды бағалау үшін зерттеулер жүргізді. Антибиотиктердің айтарлықтай жиі және үнемі тиісінше қолданылмайтындығы анықталды.
Барлығы 2383 адамға сұрау салынды. Сұрау салудың нәтижесінде:
24 % жағдайда халық суық тигенде жылы сусынды көбірек ішуді жөн санайтындықтары, 15% – бірден қабынуға қарсы заттарды қабылдайтындықтарын, 14% – дәрімендерді қабылдайтындықтары, 14% – бөлмені жиі желдететіндіктері, 14% – қолдарын жиі жуатындықтары, 10% – антибиотиктерді қабылдайтындықтары, 9% –иммунномодуляторларды қолданатындықтары анықталды.
Антибиотиктерді дәрігердің тағайындауынсыз сатып алу себептері: уаықттың жетіспеушілігі, емханаларда адамның көп болуы, фармацевттердің кеңесі. Мынадай жауаптар да болды: мен өзіме не керек екенін жақсырақ білемін, және де дәрігерлерге сенбеймін. ия |
Қазақстанда халықтың антибиотиктерді қабылдауы жөніндегі деректер: 70% антибиотикті дәрігердің тағайындауымен қабылдаған; 15,8% өз бетімен қабылдаған адамдар; 8% фармацевттің кеңесі бойынша; 6% таныстарының ұсыныстары және интернет бойынша. |
Антибиотиктерді қатаң түрде дәріханадан дәрігердің рецепті бойынша босату туралы ұсынысқа сұрау салынғандардың 70,8% қолдауы оңтайлы жайт, бұл жұртшылықтың антибиотиктерді рецепт арқылы босатуды және антибиотиктердің пайдалы ғана емес, әсіресе бақылаусыз қолданғанда зиянды болатындығын түсінетіндіктерін куәландырады.
Антибиотиктерді өз бетімен қабылдаған кезде ауруыңызды қоздырғышты жойып жіберуіңіз екіталай, бірақ сіз сатып алған кең ауқымды әсер ететін антибиотик әсер еткен қоздырғыштардың тұрақты бейімделуін (қарсы тұруын) тудыратындығыңыз анық, және келесі жолы сізге көмектесу қиынға соғады.
Адамзат инфекциялар алдында қауқарсыз болып қалуы әбден мүмкін: қазір құтқаратын дәрілер келешекте әсер етпей қалуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ), ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары осы проблемаға бақылау жүргізіп келеді және қазірдің өзінде антибиотиктерді тым жиі қолданудың және дұрыс қабылдамаудың салдарынан көптеген инфекцияларды емдеуде қиындықтар туындауда деп айтуға болады.
Сондықтан да, құрметті қазақстандықтар, антибиотиктермен өз беттеріңізше емделмеңіздер!
Егер Сізде дәрілік заттарды қабылдау бойынша кез келген сұрақ туындайтын болса, Call-қызметінің тегін нөміріне 8 800 080 88 87 қоңырау шалыңыз немесе біздің ресми сайтымызға хат жазыңыз - www.druginfo.kz.
Біздің қызметіміз Сіздер үшін!
Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы
ҚР ДСӘДМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК