Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды этикалық тұрғыдан ілгерілету қағидаларын бекіту туралы бұйрығы қабылданды
2019 жылдың 8 мамырында «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды этикалық тұрғыдан ілгерілету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 28.12.2018 жылғы Қазақстан Республикасының Заңын орындау аясында қабылданды.
Этикалық ілгерілеудің негізгі шарттарының бірі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар туралы толық, нақты, шынайы және ғылыми расталған ақпаратты ұсыну және пайдалану болады.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және (немесе) дистрибьюторлардың өкілдерінің ілгерілетуіне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тек күнделікті дәрігерлік конференцияларды, ғылыми-практикалық конференцияларды және (немесе) мамандандырылған семинарлар кезінде медициналық ұйымдарда және денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында жылжытуына жол беріледі.
2018 жылғы 12-18 қараша аралығында Антибиотиктерді дұрыс пайдалану дүниежүзілік апталығы өткізіледі
Жыл сайын қараша айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) антибиотиктерді дұрыс пайдалану Дүниежүзілік апталығын өткізеді. Аталған апталық антибиотиктерге тұрақтылық туралы жаһандық деңгейін арттыру және халық, денсаулық сақтау қызметкерлері, фермерлер, азық-түлік өндірушілер, ветеринарлар және саясаткерлер арасында антибиотиктерді ұтымды пайдалануды ынталандыру үшін бағытталған.
Антибиотиктер ашылған сәттен бастап қазіргі заманғы медицинадағы іргетасы болып табылады. Алайда адам мен жануарлардың денсаулық сақтау саласында антибиотиктердің шамадан тыс және дұрыс пайдаланылмауы антибиотиктерге тұрақтылықтың пайда болуына және таралуына ықпал етті. Антибиотиктерге тұрақтылық жаһандық денсаулық сақтауға және адам әлеуетінің дамуына елеулі қатер төндіруде. Әлемнің барлық бөліктерінде ол қолайсыз жоғары деңгейлерiне өсіп, біздің жұқпалы ауруларды емдеу қабілетіне қатер тудыруда және барлық адамдар үшін қауіп төндіруде.
ДДҰ бұл науқанға барлық мүше мемлекеттерді, медициналық серіктестерді және қоғамды қосылуға шақырады.
Антибиотиктерді дұрыс пайдалану Дүниежүзілік апталығы шеңберінде ДДҰ-ы «Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану ұлттық орталығы» Қоғамдық бірлестігімен қосылып антибиотиктерді тиімді пайдалануға арналған ақпараттық науқан өткізуді жоспарлайды.
Қосымша ақпарат алу үшін сілтемені http://www.who.int/who-campaigns/world-antibiotic-awareness-week басу арқылы таныса аласыз.
2019 жылдың 8 мамырында «Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы № ҚР Д
2019 жылдың 8 мамырында «Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы № ҚР ДСМ-70 бұйрығы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 28.12.2018 жылғы № 211-VІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңын орындау аясында қабылданды.
Аталған бұйрық Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды, белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін қалыптастыру, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу тәртібін айқындайды.
Ақсу аудандық орталық ауруханасында 2017жылғы 13-19 қараша аралығында Антибиотиктерді дұрыс пайдалану дүниежүзілік апталық шеңберінде антибиотиктерді тиімді пайдалануға арналған ақпараттық науқан өткізілді
Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығының материалдарын пайдалана отырып, Жансүгір аулыныда орналасқан Қ.И.Сатбаев атныдағы орта метеп- гиназиясының ұстаздарына Ақсу аудандық орталық ауруханасының дәрігері Сейсенбек А.Б. «Антибиотиктерді тиімді пайдалану» атты дәріс оқыды.
Осы тақырып бойынша Е.Сихимов атындағы орта мектебінің ұстаздарына Ақсу аудандық орталық ауруханасының дәрігері Турысбекова Н.С. «Антибиотиктерді тиімді пайдалану» атты дәріс оқыды.