Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды этикалық тұрғыдан ілгерілету қағидаларын бекіту туралы бұйрығы қабылданды
2019 жылдың 8 мамырында «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды этикалық тұрғыдан ілгерілету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 28.12.2018 жылғы Қазақстан Республикасының Заңын орындау аясында қабылданды.
Этикалық ілгерілеудің негізгі шарттарының бірі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар туралы толық, нақты, шынайы және ғылыми расталған ақпаратты ұсыну және пайдалану болады.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және (немесе) дистрибьюторлардың өкілдерінің ілгерілетуіне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тек күнделікті дәрігерлік конференцияларды, ғылыми-практикалық конференцияларды және (немесе) мамандандырылған семинарлар кезінде медициналық ұйымдарда және денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында жылжытуына жол беріледі.
Бұдан басқа, дәрілік заттарды тағайындайтын медицина қызметкерлеріне қойылатын талаптар қатаңдатылды. Оларға дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жарнамалауға қатысуға, емделушілерге өз қызметтеріне сыйақы алуға жеке мүдделілік мақсатында белгілі бір дәріханаларды, дәріхана желілерін және басқа да сату орындарын ұсынуға тыйым салынады.
Бұл нормаларды енгізу дәрілік заттарды ұтымды пайдалануға әкеледі және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырады.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, яғни 2019 жылдың 26 мамырында.
Қолданыстағы бұйрықтың толық нұсқасымен сілтеме арқылы таныса аласыз.