Еуропалық клиникалық фармакологтар және терапевттер қоғамының 14-ші конгресіне ДСДРО қатысты
2019 жылдың 29 маусыннан 02 шілдеге дейін Стокгольм (Швеция) қаласында “Clinical pharmacology meets tomorrow´s health care challenges” атты Еуропалық клиникалық фармакологтар және терапевттер қоғамының 14-ші Конгресі өтті.
Аталған конгрестің ұйымдастырушысы 1995 жылдан бастап дәрілік заттарды ұтымды пайдалану туралы конгрестерді өткізіп жүретін Еуропалық клиникалық фармакологтар және терапевттер қоғамы болып табылады.
Осы кездесуде жеке науқастар мен науқас топтарының қажеттіліктерін есепке ала отырып, қазіргі және болашақтағы біздің пациенттер үшін заманауи денсаулық сақтаудың көптеген мәселелерін шешу құралы ретінде клиникалық фармакологияны қолдану сұрақтары талқыланған, өйткені клиникалық фармакологтар дәрілік заттардың өзара әрекеттесу мәселелерін зерттеу барысында молекулярлық тұрғыдан және дәрілік заттарды қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы эпидемиологиялық деректерге негізделген жаһандық көзқараспен қарайды.
Формулярлық жүйе қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы бұйрығы қабылданды
2019 жылдың 14 маусымында «Формулярлық жүйе қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 28.12.2018 жылғы Қазақстан Республикасының Заңын орындау аясында қабылданды.
Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану формулярлық жүйені дамыту арқылы медициналық көмектің сапасын және емдеу нәтижелерін жақсарту үшін жүргізіледі.
Формулярлық жүйе үш деңгейде ұсынылған: республикалық, өңірлік және жергілікті, формулярлық жүйенің негізгі компоненттері:формулярлық комиссия;дәрілік формуляр; дәрілік заттардың формулярлық анықтамалығы; ұтымды фармакотерапия бойынша ұсынымдар; дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуын бағалау, осылайша қауіпсіз, тиімді, қолжетімді дәрілік заттарды оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етеді.
ДСДРО аймақтармен дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуына бағалау жүргізу, ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу және аккредиттеу стандарттарын енгізу туралы МҰ-дың тізімін бекітті
2019 жылдың 26 маусымда Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы базасында облыстық және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармалары, медициналық ұйымдардың басшылары, клиникалық фармакологтары қатысумен келесі сұрақтарды талқылау бойынша селекторлық кеңес өтті.
- «Дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-67 бұйрығына сәйкес Дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуына бағалау жүргізу тәртібі;
- Медициналық ұйымдарда госпитальдық фармация бөлімін құрумен дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды дербестендірілген іріктеу арқылы ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу;
- JCI халықаралық аккредиттеу стандарттарын енгізу үшін таңдалған медициналық ұйымдардың тізімін бекіту.
Қазақстанда дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуын бағалау енгізілуде
Казақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен Дәрілік заттардың ұтымды пайдалануына бағалау жүргізу қағидалары бекітілді. Нормативтік құқықтық акт 2018 жылғы желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының № 211 - VI ҚРЗ Заңын іске асыру шеңберінде әзірленді.
Бұйрық денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік заттарды ұтымды пайдалануға ішкі бағалау жүргізу тәртібін және денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуына сыртқы бағалау жүргізу тәртібін регламенттейді, сонымен қатар бақылау функцияларды енгізбейді.