Еуропалық клиникалық фармакологтар және терапевттер қоғамының 14-ші конгресіне ДСДРО қатысты
2019 жылдың 29 маусыннан 02 шілдеге дейін Стокгольм (Швеция) қаласында “Clinical pharmacology meets tomorrow´s health care challenges” атты Еуропалық клиникалық фармакологтар және терапевттер қоғамының 14-ші Конгресі өтті.
Аталған конгрестің ұйымдастырушысы 1995 жылдан бастап дәрілік заттарды ұтымды пайдалану туралы конгрестерді өткізіп жүретін Еуропалық клиникалық фармакологтар және терапевттер қоғамы болып табылады.
Осы кездесуде жеке науқастар мен науқас топтарының қажеттіліктерін есепке ала отырып, қазіргі және болашақтағы біздің пациенттер үшін заманауи денсаулық сақтаудың көптеген мәселелерін шешу құралы ретінде клиникалық фармакологияны қолдану сұрақтары талқыланған, өйткені клиникалық фармакологтар дәрілік заттардың өзара әрекеттесу мәселелерін зерттеу барысында молекулярлық тұрғыдан және дәрілік заттарды қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы эпидемиологиялық деректерге негізделген жаһандық көзқараспен қарайды.
Іс-шарада «Нұр-Сұлтан қаласының медициналық мекемелерінде дәрілік заттарды пайдалануды басқару жүйесін стационар деңгейінде бағалау» атты тақырып бойынша стендтік баяндамамен ДСДРО Дәрілік заттарды және медициналық технологияларды ұтымды пайдалану орталығы жетекшінің орынбасары Гульзира Жусупова қатысты. Сонымен қатар, аталған тақырыпта 2,774 импакт-факторымен European Journal of Clinical Pharmacology журналында тезис жарияланды.
Баяндамадағы ұсынылған зерттеу нәтижелеріне сәйкес Нұр-Сұлтан қаласында тек 74,6% медициналық ұйымдарда стационар деңгейінде дәрілік заттарды пайдалануды менеджменті ДДСҰ-ның көрсеткіштеріне сәйкес болып шықты. Және дәрілік заттарды тиімсіз пайдаланудың негізгі мәселелері бұл полипрагмазия, антибактериалды және инъекциялық препараттарды шамадан тыс қолдану болып табылады.
Абстрактқа сілтеме: https://link.springer.com/journal/228/75/1/suppl