Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс пайдалану апталығы
Үш жыл бойы бүкіл әлем бойынша ДДҰ-ның бастамасымен Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс пайдалану апталығы жүргізілуде.
Антибиотиктерге бактериялардың төзімділігі бұл дүниежүзіндегі денсаулық саласының үлкен бір қауіп-қатері. Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс пайдалану апталығы шеңберінде Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығы Қазақстан бойынша халық пен медициналық жұртшылық арасында аталған науқанды 2017 жылдың 13 мен 19 қараша аралығында өткізеді. Науқанның басты мақсаты – халықтың хабардарлығын және антибиотиктерге төзімділік қатері туралы түсінігін арттыру.
- Антибиотиктерді дұрыс пайдалану апталығы бойынша науқан жобасы
- "Антибиотиктерді - сақтықпен пайдаланыңыз!" бейнебаяны
- "Антибиотиктерді - сақтықпен пайдаланыңыз!" презентациясы
- ДДҰ сауалнамасы
- ДДСҰ-ның Инфографикасы
клиникалық фармакология және фармация бойынша «Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану» атты халықаралық конференция
8-9 қыркүйек күндері Астана қаласында клиникалық фармакология және фармация бойынша «Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану» атты халықаралық конференция өтті
Конференция жұмысына 300-ден аса қатысушылар, оның ішінде облыстық денсаулық сақтау басқармаларынан, медициналық, фармацевтикалық, ғылыми ұйымдардан, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен ресми делегаттар, сондай-ақ Республикалық медициналық палатаның облыстық филиалдарының, ДДҰ және шет елдік серіктестердің елдік офисінің өкілдері, клиникалық фармакология саласындағы шетелдік сарапшылар қатысты.
Ұйымдастырушылары – Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы және Республикалық медициналық палата.
Халықаралық конференцияны ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләзат Ақтаева құттықтау сөз сөйлеп, ашты. Оның сөзінше, конференция денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерін шешудің жаңа тәсілдемелерін іздестіруге жәрдемдеседі.
««Бұл шара дәрігерлерге, клиникалық фармакологтар мен фармацевттерге кездесу үшін және клиникалық фармакология мен фармацевтика саласындағы барлық әлемдік қоғамдастықтарды қызықтыратын жаһандық тақырыптарды талқылауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті вице-министр.
Екі күндік шараның мақсаты – негізгі аудиторияға дәлелді медицина қағидаттарына негізделген денсаулық сақтау саласын дамытудағы клиникалық фармакологияның артықшылықтарын, келешегін, маңызды ролін көрсету.
Конференция аясында медицина саласының мамандары мен халықаралық сарапшылар клиникалық фармакология және фармация бағытын жетілдіру, дәрілік заттарды қолданудағы қателіктер салдарынан денсаулыққа зиян келтіретін жағдайларды қысқарту, болдырмау мүмкіндіктері туралы ойларын ортаға салады.
Халықаралық деңгейдегі сарапшылар баяндама жасады: профессор, ДДҰ атқару комитетінің мүшесі Мақсұт Кульжанов «Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану жөніндегі ДДҰ-ның жаһандық бастамасы», жобалық топтың жетекшісі Арнұр Нұртаев «Дәрілік саясаттың негізгі бағыттары туралы», Королевский фармацевтика қоғамының өкілі, Британ Ұлттық формулярының директоры Karen Baxter (Ұлыбритания) «Дәрілік заттарды тиісінше тағайындаудағы ұлттық формулярдың ролі туралы». Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану қажеттілігі туралы халықты ақпараттандырудың түйінді тәсілдемелері туралы Дүниежүзілік банктің халықаралық кеңесшісі айтып берді: «Технологияларды беру және денсаулық сақтау секторында институционалды реформа жүргізу» - Франс Стоббелаар (Frans Stobbelaar).
Қазақстанда тұңғыш рет, 9 қыркүйекте, конференция алаңында «GlaxoSmithKline» және «Pfizer» фармацевтикалық компаниялары өкілдерінің арасында «Қазақстандағы екпелік алдын алу бағдарламалары үшін пневмококк екпелерін ұтымды таңдау» тақырыбында пікір алмасу болады.
Қазақстандық фармацевттер үшін профессор, РФ Қазан федералды университетінің Фундаментальды медицина және биология институтының кафедра меңгерушісі Лилия Зиганшина на тему «Дәрілік заттарды ұтымды пайдаланудағы Кокрейн дәлелі» тақырыбында; Татарстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық клиникалық ауруханасының дәрігер-клиникалық фармакологы Альбина Нигмедзянова «Нақты клиникалық практикадағы фармакотерапия мәселелері», «Сұйықтықпен емдеу кезінде нені білу керек?» және «Микробқа қарсы терапия қателіктері» тақырыптарында; Отаго Университетінің (Жаңа Зеландия) профессоры, клиникалық фармацевт Дэвид Вудс « Жеке емге инновациялық тәсілдемелер» тақырыбында; И.М.Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің (РФ) дәрілік қамтамасыз ету және фармакоэкономика кафедрасының меңгерушісі Роза Ягудина шеберлік сабақтарын өткізді.
Спикерлердің баяндама – тұсаукесерлерін төмендегі сілтемеге басып, жүктей аласыз.
- Конференция бағдарламасы
- Конференцияның бірінші күнгі материалдары
- Конференцияның екінші күнгі материалдары
- Конференцияның резолюциясы
- Пневмококк екпелері туралы пікірталас резолюциясы
- Дебаттардың стенограммасы
- Фото-есеп.
- Менеждер журналы
Клиникалық фармакология және фармация бойынша «Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану» атты халықаралық конференция жайлы пікіріңізді This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. . электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз.
«17 тамызда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ағымдағы жылғы бірінші жарты жылдықтың қорытындысы және алдағы міндеттер бойынша Алқа отырысы өтті
«17 тамызда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ағымдағы жылғы бірінші жарты жылдықтың қорытындысы және алдағы міндеттер бойынша Алқа отырысы өтті. Іс-шараға Қоғамдық кеңестің мүшелері, өңірлердің денсаулық сақтау басқармалары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының, аумақтық департаменттердің басшылары және т. б. қатысты.
Өз сөзінде ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2017 жылдың 1 жартыжылдығы жасалған отандық медицина маңызды жетістіктерін белгіледі. Толық ақпарат http://www.rcrz.kz/index.php/ru/2017-03-12-10-50-44/press-reliz/733-17082017 сайтында берілген.
Сонымен қатар Алқа материалдарымен ДСДРО сайтында http://www.rcrz.kz/index.php/ru/2017-03-12-10-50-44/press-reliz/733-17082017 таныса аласыз.»
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының мамандары бес облыстың медициналық қызметкерлерін Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярмен таныстырды
Дәрі-дәрмек орталығының мамандары Қарағанды, Жамбыл, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының медициналық қызметкерлеріне арналған семинарлар өткізді. Семинарға 650-ден астам медицина және фармацевтика қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында дәлелді медицина қағидаларының негізінде ақпараттық ресурсты қолдану кезінде дәрілік заттарды тағайындау тәжірибесін жақсарту үшін Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды енгізу жөніндегі өзекті тақырыптар, клиникалық фармокология қызметінің даму болашағы, сонымен қатар дәрілік заттарды пайдалануды бағалаудың заманауи әдістері таныстырылды.