Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс пайдалану апталығы
Үш жыл бойы бүкіл әлем бойынша ДДҰ-ның бастамасымен Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс пайдалану апталығы жүргізілуде.
Антибиотиктерге бактериялардың төзімділігі бұл дүниежүзіндегі денсаулық саласының үлкен бір қауіп-қатері. Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс пайдалану апталығы шеңберінде Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығы Қазақстан бойынша халық пен медициналық жұртшылық арасында аталған науқанды 2017 жылдың 13 мен 19 қараша аралығында өткізеді. Науқанның басты мақсаты – халықтың хабардарлығын және антибиотиктерге төзімділік қатері туралы түсінігін арттыру.
- Антибиотиктерді дұрыс пайдалану апталығы бойынша науқан жобасы
- "Антибиотиктерді - сақтықпен пайдаланыңыз!" бейнебаяны
- "Антибиотиктерді - сақтықпен пайдаланыңыз!" презентациясы
- ДДҰ сауалнамасы
- ДДСҰ-ның Инфографикасы
Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс пайдалану апталығы шеңберінде өтіп жатқан іс-шаралар жайлы толық ақпаратты http://www.who.int/campaigns/world-antibiotic-awareness-week/ сілтемесіне өтіп біле аласыз