Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.
Құрғақ сүт қоспаларымен тегін қамтамасыз ету абсолюттік медициналық және әлеуметтік айғақтарға жатады:
- әлеуметтік факторлар – асырап алған балалар;
- емізетін ананың денсаулық жағдайы – АҚТҚ-инфекциясы, туберкулездің белсенді формасы;
- баланың денсаулық жағдайы – расталған туа біткен ақуыз жетіспеушілігінің болуы, галактоземия, фенилкетонурия болуы, «үйеңкі шырыны» ауруы;
Салыстырмалы медициналық және әлеуметтік айғақтарға жатады:
Жасанды емізу үшін:
- бейінді маманның қорытындысы болған кезде дәрілік препараттарды (цитостатиктер, радиоактивті, тиреоидті, психотропты, есірткілік) қабылдаумен сүйемелденетін емізетін ананың ауруы:
күрделі психикалық аурулар (психоздар немесе ауыр босанғаннан кейінгі күйзелістер), туа біткен және жүре пайда болған жүрек кемістігі, жүрек-қантамыр жүйесінің декомпенсациясымен сүйемелденетін жүрек аурулары, эндокриндік аурулардың ауыр түрлері, аллергиялық аурулардың ауыр түрлері;
Жасанды және аралас емізу үшін:
- әлеуметтік факторларға - көпұрықтық жүктіліктен туған балалар; білім беру ұйымдарында күндізгі оқу түрі бойынша оқитын аналардың балалары; ананың стационарлық емделу
- бейінді маманның қорытындысы болған кезде дәрілік препараттарды (цитостатиктер, радиоактивті, тиреоидті, психотропты, есірткілік) қабылдаумен сүйемелденетін емізетін ананың ауруы: қан жүйесі және қан түзу аппаратының ауыр ауру түрлері, қатерлі онкологиялық аурулар, бүйрек жеткіліксіздігінің дамуымен бүйрек ауруларының ауыр түрлері, іріңді-септикалық аурулар, гипогалактияның бастапқы түрлері;
Тегін дәрілерге құқықтарыңыз жайлы толық ақпаратпен "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қаңтардағы № ҚР ДСМ-1/2020 бұйрығы" сілтемесі арқылы таныса аласыз.