Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.
- Жаңа туылған нәрестені босанудан кейінгі алғашқы 30 минутта ауыздандыру керек.
- Қалыпты босанудан кейін нәресте анасымен бір төсекте немесе жанында кішкентай керуетте болуы керек.
- Ол ананың баласына деген махаббатының, қамқорлығының оянуына, дамуына әсер етеді.
- Ана баласы қанша рет сұраса, сонша рет омыраумен тамақтандыруы керек, әрбір нәресте омырауды ұзақтығы бойынша әр түрлі уақытта емеді, бірақ тәулігіне кем дегенде 8 рет емгені дұрыс. Балаға қосымша су, глюкоза қосылған су, ботқа немесе жасанды қоспа берудің қажеті жоқ. Бөтелкедегі қосымша сусын да қажет емес. Өйткені емізік ему омырауға қарағанда анағұрлым жеңілірек, бірте-бірте бала емшек емуден бас тартуы мүмкін. Емізу ұзақтығы 15-20 минутты құрайды.