Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Бір уақытта қанша дәрі қабылдауға болады және дәрілер бір-біріне қалай әсер етеді

Басып шығару

Үш және одан да көп дәрі жазылған  рецептіні көрген кезде, маған:  онда қандай тылсым күш  бар деген ой келеді!

И.П. Павлов

Денсаулық сақтаудың негізгі проблемаларының бірі дәрілік заттарды орынсыз (шектен тсы, жеткіліксіз, қате) пайдалану болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының берген бағасы бойынша, науқастардың жартысынан көбі дәрілерді дұрыс қолданбайды, ал бұл адамдардың денсаулығы үшін қауіп-қатерге әкеледі. Дәрілік заттарды шектен тыс қолдану – полипрагмазия (poly – «көп», және pragma – «зат», «нәрсе») -  артық емдеу терминімен белгіленеді. Анағұрлым танымал дәрілік полипрагмазия (полифармация),–     бірнеше дәрі-дәрмекті бір уақытта тағайындау.           

Полипрагмазия жайттары өсіп келеді, әсіресе бұған дәрілердің қол жетімділігі мен өзін-өзі емдеу ықпал етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, науқастардың жартысынан көбі дәрігерге жүгінбестен және дәрілердің үйлесімділігі жайлы білместен, дәрі қабылдайды.  

Науқастар көбінесе антибиотиктерді, іш жүргізетін және ауырсынуды басатын препараттарды, оларды теріс пайдаланудың салдары жайлы хабардар болмастан, өз-өздеріне «тағайындап алады». Көптеген науқастар жарнамаланатын тағамға қосылатын биологиялық белсенді қоспаларды өздері белсенді түрде қолданады. Сөйтіп, науқас емдеуші дәрігерге тағайындаған препараттарының үстінен толықтырып алғаны жайлы мәлім етпестен, өз-өзіне дәрілік полипрагмазияны жасап алуы мүмкін. 

Полипрагмазияның қалыптасуына, науқастарға дәрілерді ұсына отырып, дәріхана жұмысшылары да өз «үлесін» қосады.

Полипрагмазия 65 жасқа толмаған науқастардың 56%-ында және егде жастағы науқастардың 73%-ында кездесетіні белгіленген. Дәрілік затты шектен тыс қолданудың жағымсыз әсерлері мен тіпті өлімге дейін әкелетін жайттары жастарға қарағанда, егде жастағы адамдарда 3-7 есе жоғары.

Бір уақытта көп мөлшерде дәрі қабылдаудың қауіпсіздігін зерттеудің  көрсетуі бойынша, егде жастағы науқастарда преператтарды көп тағайындау жағымсыз әсерлердің дамуы тәуекелін арттырады. Мысалы, 6-дан аз дәрілік заттарды тағайындаған кезде жағымсыз әсерлер 18% жағдайда, 6-дан көп препарат тағайындаған кезде жағымсыз әсерлер егде жастағы науқастардың 80%-ында туындайды.

 Дәрілік өзара әсерлердің тәуекелі  тұрғысында биологиялық белсенді қоспалар да, тіпті шөптерде залалсыз емес. Науқас шөптерді өз бетінше қабылдаған кезде, бұл факт «елеусіз» қалып қалса, ол да қауіпті болуы ықтмал.

Полипрагмазияның алдын алудың негізгі жолы белгілі терапевт Б.Е. Вотчал қалыптастырған ереже: «Барынша аз дәрі: қажеттісін ғана».

Ежелгі постулаттарға сүйенсек, әр нақты бір ауруды емдеген кезде, мына қағидаларды сақтаған жөн:  «est modus in rebus» (мөлшерін сақта) және «non nocere» (зиян келтірме).

Дәрілік препараттар бір-бірінің әсерін тек қана күшейтіп немесе жоя алмайды, сонымен қатар өзара әрекеттесу үдерісінде уытты заттарды да түзе алады. Оның үстіне, неғұрлым көп дәрі қабылдасаңыз, соғұрлым жағымсыз әсерлердің туындау қаупі жоғары. 

Сондықтан да, полпрагмазия көптеген проблемаларға әкеп соқтырады.

Дәрігерлерде мынадай ереже бар – бір уақытта үштен көп препарат тағайындамау қажет.  Алайда, оның өз ерекшелігі де бар – мысалы, жүрегі ауыратын науқастар 3-тен көп дәрілік заттарды ұзақ уақыт бойы (дәрігердің бақылауымен) қабылдайды. Бірақ егер кез-келген сауатты дәрігер дәрілік  заттардың көрсетімдері, қарсы көрсетімдері және үйлесімділігі туралы хабардар болса, онда дәрілерді өз бетінше тағайындау аса қауіпті болады.

Дәрілік заттармен емдеуді дәрігер ғана тағайындай алады – бұл дәлелді қажет етпейтін аксиома.

Дәрілерді ң барлығын бірдей бірге ішуге болмайды, таблеткалардың көбін бөлек қабылдаған жөн, егер басқасы ескерілмесе, онда әр түрлі препараттарды қабылдау аралығы жоқ дегенде 30 минутты құрауы тиіс.

Егер сіз әр түрлі себептер бойынша бірнеше маманда емделсеңіз, онда олар бір-бірінің тағайындаған препараттары жайлы білуі тиіс: өйткені екі ауруды бір уақытта емдеуге тырысамын деп, ағзаңызға пайдадан гөрі көбірек зиян келтіріп алуыңыз мүмкін.

Проблема дәрілік заттардың өзара әрекеттесуінде. Препараттардың өзара әрекеттесу ықтималдығы қанша дәріні қабылдайтыныңызға байланысты. Неғұрлым көп қабылдасаңыз, соғұрлым жағымсыз немесе қауіпті әсерлер қаупі жоғары болмақ.

Дәрілердің өзара әрекеттесу типтері   

  1. Дәрілер бір-бірін толықтырады;
  2. Әсерлері көбейеді (күшейеді). Мысалы, аспирин  + варфариннің (қанды сұйылтатын препарат) үйлесімі жарақат жағдайында көп қан кетуге әкелуі мүмкін. Көптеген адамдар мүлдем зиянсыз деп есептейтін өсімдік препараттары, белгілі бір дәрілермен бірге, ағзаға елеулі зиянын тигізе алады. Мысалы, кейбір ББҚ-лардың құрамына кіретін гинкго билобаны аспиринмен бір уақытта қабылдаса, жарақат жағдайында көп қан кетуі тудыруы мүмкін.
  3. Екінші дәріні енгізумен қатар дәрінің тиімділігі төмендейді (антагонизм/баяулату): қыжылға қарсы кейбір дәрілер (антацидтер) қанға қанды сұйылтуға арналған препараттар мен антибиотиктердің келуін азайтып, сөйтіп оның тиімділігі де төмендетеді. 

Дәрілердің өзара әрекеттесуінің алдын қалай алуға болады?

Бірнеше қарапайым ережені есте сақтайтын болсақ, дәрілердің өзара әрекеттесу қаупін азайтуға болады:

1. Рецептісіз босатылатын дәрілерді қоса, барлық қабылданатын дәрілерге арналған жапсырмалар мен нұсқаулықтарды мұқият оқып шығыңыз. «Басқа дәрілік заттармен өзара әсері» бөлімін тауып алып, оны мұқият оқып шығыңыз.  

2. Сіз қабылдап жүрген барлық препараттар туралы дәрігерге және фармацевтке ескертіңіз. Барлық қабылдап жүрген дәрумендер, қоспалар және өсімдік дәрілерін ескертуді ұмытпаңыз. Қабылдап жүрген нәрселеріңіздің тізімін құрыңыз – бұл дәрігерге жағдайды талдауын жеңілдетеді және ықтимал дәрілердің өзара әсері жайлы бірден анықтауға мүмкіндік береді.

3. Жаңа дәріні қабылдамас бұрын, дәрігермен кеңесіңіз. Жаңа дәріні басқа препараттармен, дәрумендермен, қоспалармен немесе өсімдік заттармен бір уақытта қолдануға болатыны/болмайтыны жайлы біліңіз. Сол препаратты қабылдаған кезде аулақ болған жөн өнімдер, сусындар немесе дәрілер туралы сұрауды ұмытпаңыз.

Әлемде ең керемет таблеткалар жоқ сияқты, денсаулық үшін де мүлдем қауіпсіз дәрі жоқ және бола да алмайды.

Әр нәрсенің сұрауы бар. Бұл ұранды дәрілік терапияға толықтай жатқызуға болады.

 

Дәрілік заттарды қолдану жөнінде сұрақтарыңыз  туындаған жағдайда 8 800 080 88 87  Call-қызмет телефонына тегін қоңырау шалыңыз немесе ресми сайтымызға хабарлама жазыңыз - www.druginfo.kz. Біз Сіздерге көмектесу үшін жаралғанбыз!

Макалкина Л.Г., Жусупова Г.К., Айсина Ж.Т.

ҚР ДӘДМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК

Дәрі-дәрмек орталығы