Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Балалар және дәрілер

Басып шығару

Дәрігерлер мен мұғалімдерден ғажайыпты талап етеді, ал ғажайып жүзеге асқан кезде, ешкім таң қалмайды.

- Мария-ЭбнерЭшенбах

Дәрігерге жүгініп, одан баланы емдеу үшін мақұлдауын алуға берілетін кеңес қазір де өзекті болып табылады. Өйткені бүгінгі таңда аурумен күресу туралы шешімді көбінесе дәрігерлер емес, ауырған балалардың ата-аналары қабылдайды. Сонымен қатар, дәрілер күн өткен сайын, рецептурасыз дәріге көшіп барады және дағды бойынша қауіпсіз зат ретінде қабылдана бастайды. Бірақ бұл мүлдем олай емес. Балалар жиі ауырып қалады – және бұл табиғи үдеріс.  Ерте жастағы жиі аурулар баланың иммундық жүйесінің дамуына ықпал ететін табиғи үдерістің бір бөлігі болып табылады. Әдетте, бала қатарластарымен араласқанда шалдығатын аурулар жеңіл нысанда өтеді және ағзаға тек қана оларға қарсы қорғанышты қалыптастыруға көмектеседі. Міне дәл осы себептен, балаларға асқынбаған тұмау кезінде барлық ықтимал дәрілерді беруге болады ма деген сұраққа «жоқ» деп жауап берген дұрыс.

Оның үстіне, дәрі-дәрмектердің көбінде мүлдем кішкентай балаларға арналған арнайы нысан жоқ, шамамен дәрі-дәрмектердің төрттен үш бөлігі балалар үшін қарсы көрсетімге ие болады, немесе оларды 3 жасқа толмаған балаларға пайдалану тұрғысында қатаң ескертпелерден тұрады.

Ата-аналарға дәрігерден тағайындалған таблеткалар мен шәрбатты қандай сабақтастықта және қандай уақытта қабылдау жөнінде нақтылап алу қажет. Сондай-ақ, олардың бір-біріне «қарсы әсер етпейтініне» көз жеткізіңіз.

Дәрі-дәрмектерді қабылдау графигін бір бет параққа құрыңыз да, оны көзге көрінерлік жерге жапсырып қойыңыз. Егер 1-2 сағатқа кешігіп қалған болсаңыз, онда дәріні беруіңізге болады. Егер одан да көп уақытқа кешігіп қалсаңыз, келесі қабылдау сағатын күткен жөн болады. 

Балаңызды дәрі қабылдау үшін түннің ортасында оятпауға тырысыңыз. Дереу араласуды және жеңілдетуді қажет ететін жедел жағдайда ғана оятқан дұрыс.

Жағдайы жақсарған күннің өзінде де, дәріні беруді доғармаңыз. Бүкіл дәрі-дәрмекті толықтай (әсіресе антибиотиктер) курс бойынша қабылдау қажет. Жүйелі қолданған жағдайда ғана, олар оң әсерін көрсетеді. Егер істі аяғына дейін жеткізбесе, ауру жедел өту үдерісінен созылмалы нысанға айналуы мүмкін. 

Несколько правил для родителей:

Ата-аналарға арналған бірнеше ережелер:

- Дәмі тәтті дәрілік затты кәмпитпен салыстыруға болмайды. Балаңыз оны шектеусіз жей беруге болатын тәтті тамақ деп ойламауы керек.  

- Дәріні тамаққа араластырмаңыз. Кез-келген тамаққа немесе сүтке қосылған дәрі-дәрмектер баяу сіңеді. Ал олардың кейбірі ағзаға қышқыл немесе сүт өнімдерімен бірге түсетін болса, өзінің күшін мүлдем жояды. Сонымен қатар, тамаққа араластырылған дәрілер тамаққа теріс әсер етуі мүмкін;

- Таблеткаларды үгітпеңіз. Ондай түрде кейбірі асқазанның шырышты қабықшасын тітіркендіріп, дәрі тиісінше әсер етпеуі мүмкін. Таблетка тым ащы болып, ал ұнтақтары тістерге жабысып қалмау үшін, оны шайнаудың да қажеті жоқ;

- Дәрінің дәмдік қасиеттерін жақсарту үшін, оны мұздатып, ысытпаңыз. Мұндай жүргізілген тәжірибелер дәрінің тиімділігіне теріс әсер етеді;

- Балалар дәріні түкіріп тастап, жұлып алуы мүмкін. Бала дәріні қабылдағаннан кейін он минут өткен кезде дәрі баланың ағзасынан кеткен жағдайда ғана дәріні қайта беруге болады. Егер уақыт одан көп өтетін болса, дәріні қайта берудің қажеті жоқ: дәрі-дәрмектердің көбі 30 минуттан кейін сіңіп кетеді;

- Бала Сіздің әрекеттеріңіздің оған жақсы болу үшін бағытталғанына сену үшін, шыдамдылық танытып, емнің маңызын түсіндіру қажет.Баланы шошытпаңыз: «Егер ішпесең, өзіңе жаман болады: ауруханаға түсесің, онда күн сайын саған дәрі егеді». Одан да ойын нысанында түсіндірген дұрыс;

- Дәріні ашық ерекше ыдыстан, мысалы ойынға арналған ыдыстан беруге болады.

 

Дәрілік заттарды қолдану жөнінде сұрақтарыңыз  туындаған жағдайда 8 800 080 88 87  Call-қызмет телефонына тегін қоңырау шалыңыз немесе ресми сайтымызға хабарлама жазыңыз - www.druginfo.kz.Біз Сіздерге көмектесу үшін жаралғанбыз!

Макалкина Л.Г., Жусупова Г.К., Тамабеков Е.А.

ҚР ДӘДМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК Дәрі-дәрмек орталығы