Антибиотиктерді бақылаусыз қолданудың қаупі
«Егер бұл проблеманы шешпейтін болсақ, онда 20 жылдан кейін, науқастар ең әдеттегі операциялардан кейін әдеттегі инфекцялардан көз жұматын 19-шы ғасырға қайта ораламыз», - Ұлы Британияның бас медициналық офицері Салли Дэвис.
Антибиотиктер тарихына 70 жылдан астам уақыт болды, бұл тарихтың негізін зеңнен пенсилинді бөліп алған Флеминг қалады.
«Антибиотиктер» терминін америкалық микробиолог З. Ваксман қолданысқа енгізді, ол 1952 жылы стрептомицинді ашқаны үшін Нобель сыйлығын алды. Терминнің өзі – антибиос, ежелгі грек тілінен шыққан («анти» - қарсы, «биос» - өмір).
Антибиотиктердің жасалуы адамзаттың ұлы жетістіктігі болды. Осыған дейін өлімге әкелген тырысқақ, дизентерия, өкпе қабынуы тәрізді аурулар тиімді емделе бастады. «Антибиотиктер ғасыры» осылай басталды.
Алайда, белгілі бір кезеңде, дәрігерлер антибиотикке төзімділік проблемасымен, жай сөзбен айтқанда – дәрілік заттарға микробтардың үйреніп кетуімен кезікті. Көптеген жылдар бойы адамзат антибиотиктерді аурулармен күресу үшін қолданады. Осы уақыттың барлығында микроағзалар өзгеріп, антибиотиктерге төзімді болуды үйренді.
Антибиотиктерді бақылаусыз қолдану бүкіл қоғам үшін қауіп төндіреді. Егер ауырсынуды басатын дәрілерді немесе «қан қысымына қарсы» таблеткаларды дәрігердің кеңесінсіз және рецептінсіз өз бетінше қолдану нақты бір науқас үшін асқынуға әкеп соқтырса, онда антибиотиктерді қолдану анағұрлым жаһандық проблемаға әкеледі.
Біз қандай да бір негізсіз антибиотиктерді неғұрлым көп қолданған сайын, соғұрлым оларға төзімді бактериялар көбейе түседі. Ал бұл болашақта жағдайды бақылаудан толықтай шығарып алу мүмкіндігін білдіреді.
Антибиотиктерді бақылаусыз қолдана отырып, адамзат инфекциялық аурулармен күресуде өз арсеналын азайтып алуға тәуекел етеді, сондықтан адамдарды емдейтін еш нәрсе қалмауы да мүмкін. Соңында, «ғажайып дәрі» аурумен күресуде көмектесуін доғарады.
Антибиотиктерді сатып алуға асықпаңыз!
Адамдар сырқатты тезірек емдеймін деген үмітпен жақын арадағы дәріханаға қарай жүгіреді, жай ғана таңқурай қосылған шай ішіп, төсекке жату тәртібі жеткілікті болғанда, қарабайыр тұмаудың алғашқы симптомдарында (дәрігердің кеңесінсіз және тіпті талдауға да тапсырмай) антибиотик сатып алады.
Дәрігер ғана антибиотикті тағайындап, оның курсын есептеп, дозасын дұрыс тағайындай алады.
Адам антибиотиктерді дәрігер тағайындаған жағдайда ғана пайдалану арқылы төзімділіктің дамуына қарсы әрекет етуде көмектесе алады.
Әрбіріміз не істей аламыз?
Антибиотиктерді өзін-өзі емдеу тәртібінде дәрігердің тағайындауынсыз пайдаланбаңыз;
- вирустық инфекцияларды емдеу үшін антибиотиктерді қолданбаңыз, өйткені оларға әсер етпейді;
- антибиотиктерді «профилактика үшін», «ештеңе болмау үшін», «сақтану үшін» қолданбаңыз;
- жақсарудың алғашқы белгілерінде антибиотикті ішуді тоқтатпаңыз, дәрігер тағайындаған емдеу курсын толықтай аяқтаңыз;
- дәрігер жазып берген антибиотик дозасын өзгертпеңіз;
- егер емдеу курсы бітіп, ал антибиотик қалып қойса, «қымбат және тастағанға обал» деп қалғанын ішіп бітіруге болмайды;
- сізге жазып берген антибиотикті басқа адамдарға бермеңіз;
- егер дәрігер антибиотик тағайындамаса, бұл оны қимай тұр дегенді білдірмейді – бұл сізде көрсетімдер жоқ екенін білдіреді. Оны сұрақтың астына алып, шағым түсіріп, басқа дәрігерге жүгірудің қажеті жоқ.
Антибиотиктерді бақылаусыз қолданудан аулақ болыңыз!
Олардың атауы қайдан шыққанын ұмытпаңыз - «antibios» - өмірге қарсы!
Дәрілік заттарды қолдану жөнінде сұрақтарыңыз туындаған жағдайда 8 800 080 88 87 Call-қызмет телефонына тегін қоңырау шалыңыз немесе ресми сайтымызға хабарлама жазыңыз - www.druginfo.kz.Біз Сіздерге көмектесу үшін жаралғанбыз!
Макалкина Л.Г., Жусупова Г.К., Айсина Ж. Т.
ҚР ДӘДМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК Дәрі-дәрмек орталығы