Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Дәрілерді қалай қолданған дұрыс.

Басып шығару

Кез-келген дәрінің тиімділігі тікелей оны қабылдау ережелеріне байланысты.

Осы мақалада дәрілік заттарды дұрыс қабылдау жөніндегі негізгі ақпаратты қарастырамыз.

Консультация кезінде дәрігерге нені хабарлау қажет:

  • Дәрілік аллергияның және/немесе тамақ өнімдерімен басқа заттарға аллергияның бары туралы.
  • Дәрілік заттарды қабылдау туралы, оның ішінде дәрігердің рецептінсіз қолданылатын, биолошиялық белсенді қоспа, дәрумендер, көз тамшылары, құрамында дәрілік заттары бар денеге арналған кейбір лосьондар туралы.
  • Жүктілік туралы және жүктілікті жоспарлау туралы.
  • Емшекпен емізу туралы.
  • Диета туралы, мысалы натрий немесе қанттың мөлшері төмен диета туралы.
  • Дәріні қабылдаумен байланысты проблемалардың бары туралы (таблетка нысанындағы дәрілерді қабылдау қиындығы және т.б.)

Дәрігерден нені сұрау қажет:

  • Шылым шегуден бас тарту, дене белсенділігі, диетаны жақсарту немесе демалыс тәрізді басқа да емдеу жолдары бар ма?
  • Сіз (дәрігер) тағайындамайтын дәрінің әсер етуші заты қандай?
  • Бұл дәрі тегін амбулаториялық қамсыздандыру тізіміне кіреді ме?
  • Амбулаториялық тұрғыда басқа осыған ұқсайтын дәріні ала аламын ба?
  • Маған сауығу үшін дәрілік затты қанша уақыт қабылдау қажет?
  • Дәріні қалай қабылдауым керек – тамаққа дейін, тамақ кезінде және тамақтан кейін?
  • Қандай да бір ерекше сақтық шаралары бар ма?
  • Дозаны қабылдауды ұмытып кетсем, не істеуім керек?
  • Бұл дәрінің жағымсыз әсерлері қандай?
  • Жағымсыз әсеріне ұшырасам, не істеуім керек?
  • Осы дәріні қолдануды жалғастыруым керек пе?
  • Осы дәрі басқа да қабылдап жүрген дәрілерге әсер етеді ме?
  • Емдеу кезінде ішімдік (шампан, шарап, сыра, арақ ) ішсем болады ма?

Дәріні дұрыс қолдану үшін не істеу керек:

  • Дәріні тура дәрігер жазып бергендегідей етіп қабылдаңыз, оның ішінде қажетті уақытта және бүкіл емдеу курсында.
  • Дәріні қабылдамас бұрын, оған арналған нұсқаулықты міндетті түрде оқып шығыңыз , әсіресе ықтимал жағымсыз әсерлеріне және сақтық шараларына мән беріңіз. Дәріні қабылдағаннан кейін, қандай да бір жағымсыз әсерлер туындаса, дереу арада дәрігерге жүгініңіз.
  • Қабылдап жатқан дәріні, тамақ қоспасы туралы, нақтырақ айтқанда қолдануға арналған көрсетімдері мен қарсы көрсетімдері, ықтимал жағымсыз әсерлері туралы хабардар болыңыз.
  • Тауарлық атауы (дәрі-дәрмектің атауы), халықаралық патенттік емес атауы (қолданыстағы ДЗ заты), дозалануы көрсетілген, қабылданып жатқан дәрілік заттардың тізімін өзіңізбен бірге ұстаңыз. Сондай-ақ, бұл тізімді өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге және басқа да медицина мамандарына (стоматолог, мейірбике, фармацевт) ұсыныңыз.
  • Дәрігердің келісімінсіз дәрілік заттарды қабылдауды тоқтатпаңыз. Емдеуді өз бетінше тоқтату аурудың нашарлауына, дәрінің жағымсыз реакцияларының пайда болуына және әрі қарай емдеуді қиындатуға әкелуі мүмкін.
  • Жаңа дәрілік заттты қабылдар алдында, дәрігермен кеңесіңіз.
  • Варфарин немесе инсулин тәрізді кейбір дәрілік заттарды қабылдаған кезде, сәйкестендіру картасын өзіңізбен бірге ұстаңыз. 

Дәріні қалай қолданған дұрыс?

  • Қолдану жөніндегі нұсқаулықтарға жүгініңіз. Кейбір дәрі-дәрмектерді тамақпен бірге қабылдау қажет; ал кейбірлеулерін аш қарында қабылдау қажет.
  • Дәріні қабылдаған кезде, аулақ болу қажет тамақ өнімдері туралы дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
  • Дәріні 100 мл көлеміндегі жылы сумен ішу қажет. Бұл ретте жай ғана ұрттауға болмайды, оны жұтымдап ішу керек, себебі судық жеткіліксіз мөлшері дәрінің жұмысына кедергі келтіріп, тамақтың тітіркенуіне әкелуі мүмкін.
  • Көп жағдайда, дәрілерді алкогольді сусындармен бірге қаблыдауға болмайды. Қосымша ақпарат алу туралы дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
  • Дәріні қабылдаған кезде, оның тұтастығын бұзбаңыз (капсуланы ашып, таблеткаларды бөлшектеудің қажеті жоқ), сондай-ақ  дәріні жұтар алдында, оны шайнау жүктелмесе, шайнаудың қажеті жоқ.
  • Дәрінің қос дозасын қабылдамаңыз. Көбірек қабылдау жақсырақ дегенді білдірмейді. 

Дәріні қашан қабылдау керек?

  • Дәріні әр күн сайын бір уақытта қабылдаңыз. Жақсы әсерге жету үшін және жағымсыз әсерлерінің туындауын барынша азайту үшін дәрігердің кеңестеріне жүгініңіз.
  • Дәріні қабылдауды ұмытып кеткен болсаңыз, байбаламға салмаңыз. Оны есіңізге түскен бетте қабылдаңыз. Егер бұл келесі қабылдау уақытымен сәйкес келсе, онда ұмытып кеткен дозаны ескермеңіз де, әдеттегі дәріні қабылдау графигіне қайта оралыңыз. Ұмытып кеткен дозаның орнын толтыру үшін, екі дозаны бір уақытта қабылдамаңыз.
  • Дәріні қабылдау графигін әркез сақтау үшін, бір аптаға есептелген дәрі-дәрмекке арналған кассетницаны сатып алыңыз. Оларлың бірін кешкі қабылдауға, екіншісін күндізгі қабылдауға бөліңіз. Оларды аптаның басында толтырып қойыңыз, қалған таблеткаларды түпнұсқа қаптамаларда сақтаңыз. Сондай-ақ, қазіргі уақытта дәріні қабылдау туралы еске салатаны мобильді бағдарламалар бар. Мысалы, App Store, Play Market арқылы жүктеп алуға болатын Youwell, Pill Reminder тәрізді бағдарламалар. 

Youwell бағдарламасының көрінісі.

Қатар қолдануға болмайтын дәрілер:

  • Тетрациклин тобының антибиотиктері, линкомицин, құрамында кофеин бар дәрі-дәрмектер
  • Антибиотики тетрациклиновой группы, препараты, содержащие кофеин (аскофен, цитрамон, каффетин) – сүтпен, айранмен, сүзбемен;
  • Темір препараттары – шаймен, кофемен, сүтпен, жаңғақтармен, дән-дақыл өнімдерімен;
  • Кальций препараттары – газдалған салқын сусындармен және құрамында лимон қышқылы бар шырындармен;
  • Эритромицин, ампициллин – жемісті және көкөністі шырындармен;
  • Сульфадиметоксин, сульгин, бисептол, циметидин, теофиллин – етпен, балықпен, құрамына ақуыз мөлшері көп бұршақтармен;
  • Аспирин  және құрамында ацетилсалиц қышқылы бар дәрілер,  фурагин, 5-НОК – маймен, кілегеймен, май өнімдерімен;
  • Парацетамол, сульфадиметоксин, бисептол, фуросемид, циметидин – қара өрікпен, қызылшамен, тәтті және ұнды тамақтармен;
  • Сульфаниламидтер: бисептол, этазол, сульфален –аскөкпен, шпинатпен, сүтпен, бауырмен, дәнді дақылдармен;
  • Баралгин, анальгин, панадол, спазган, парацетамол, максиган – сүрленген шұжықпен.

 

Дәрілік заттарды қолдану жөнінде сұрақтарыңыз  туындаған жағдайда 8 800 080 88 87  Call-қызмет телефонына тегін қоңырау шалыңыз немесе ресми сайтымызға хабарлама жазыңыз - www.druginfo.kz.Біз Сіздерге көмектесу үшін жаралғанбыз!

Макалкина Л.Г., Жусупова Г.К.,Шакарова А.

ҚР ДӘДМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК

Дәрі-дәрмек орталығы