Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Рецепт не үшін қажет

Басып шығару

Рецепт – дәрі-дәрмектерді дұрыс әрі қауіпсіз алудың кепілі. 

РЕЦЕПТ деген не және ол не үшін қажет?

Рецепт  — дәрігердіңдәрі жасап беру және жіберу туралы фармацевтке жазбаша түрдегі өтініші, онда пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар да болады.

Рецепт – бұл құжат. Оны кез-келген сәтте табуға болады және тұрыс тағайындамаған жағдайда дәрігерді жауапқа тартуға болады.

Рецепт- бұл қорғаныш. Әр адамның қателесітіні құпия емес. Бірақ халық даналығы айтқандай, мұғалімдер мен дәрігерлердің жіберген қателігі бізге қымбатқа түседі, және бұл шындық. Егер дәрігер дәріні дұрыс жазбай, ол нәтижесінде, мысалы, жағымсыз әсерлердің дамуына немесе жағдайдың нашарлауына әкелсе, науқас жоғары тұрған инстанцияларға жүгіне алады. Алайда, онда мұны растайтын дәлелдер болған жағдайда ғана, мүмкін болады: рецепт немесе медициналық картадағы жазба, екеуі болса, тіпті жақсы. 

Рецепт — бұл кепілдік.  Дәрі талаптарға сәйкес рецептуралық бланкіде жазылады. Бірақ, дәрішіге ресми бланкінің орнына қағаз қиындысын ұсынса, онда ол жерде дозаның дұрыс көрсетілгені, тіпті дәрінің атауының да дұрыс көрсетілгенінің кепілі жоқ болады. Дәрігер талғамай дәріні тағайындап, қарбаластықпен шығарылым нысанын «ұмытып кетеді», сөйтіп цефозалиннің орнына фармацевтке цефотаксим болып көрінеді, ал ұшыққа қарсы жақпамай зовиракс зивоск антибиотигіне айналады.  Дұрыс рәсімделген рецептіде мұндай олқылықтарға жол берілмейді. 

Рецепт — бұл сенімділік. Бақыланал емес бұйрықтар да жарамсыз болып қалатынын ұмытпаған жөн. Егер дәріханалардың басым көпшілігінде антибиотиктерді түсініксіз жазбамен немесе онсыз сатып алуға болса, бұл рецептінің қажет емес екенін мүлдем білдірмейді. Кез-келген дәріші кез-келген уақытта рецептісіз антибиотикті сатудан бас тартуға құқылы, бұ жағдайда оның бұл әрекеті дұрыс болып табылады. Сондықтан ресми бланк – бұл дәріні сатып алудың сенімділігі. Дәрігер рецептіні жаза отырып, бәрінен бұрын науқастың мүддесінде әрекет етеді, кейде өзіне зиянын да тигізеді. 

Рецепт «Дәрігердің рецептісі бойынша босатылады» белгісі бар дәрілерді алу үшін қажет. Мұнда арнайы тәртібі бар – құрамында есірткі және психотроптық заттары бар препараттар да жатады. Сондай-ақ, бірқатар дәрілерді кейбір санаттағы азаматтар тегін ала алады, ол үшін арнайы нысандағы бланкіде жазылған рецепт қажет.

Дәріні рецепті бойынша босатудың негізгі міндеті – халықтың жаппай өзін-өзі емдеуін тоқтату. Бүгінде дәрігерлер бұл үдерістің өте маңызды салдарларымен кезігуде, оның ішінде, мысалы, аллергиялық реакциялар, ұнамсыз жағымсыз әсерлердің туындауы (бас ауруына мен жүрек айнуынан бастап өлімге дейін), антибиотикке төзімділік (антибиотиктерді дұрыс және бақылаусыз қолдану олардың әсерінің болмауына әкеледі). 

РЕЦЕПТІСІЗ дәрілер.

Бүгінде науқастар аурулар мен оларды емдеу жолдары туралы дәрігерден ғана біле алмайды, бірақ білімді адам өзіне зиян келтірмейді. Проблеманың мәнін  XVI ғасырда Парацельс дәл көрсетті: барлық дәрілер улы, барлық у – дәрілер; дәрінің уытын доза ғана ерекшелейді. Медицинадан алыс адамдар қанша жерден хабардар болса да, аса қауіпті препараттарды өз бетінше қолданған дұрыс емес.

Өзін-өзі емдеуде диагнозды өз бетінше қате қою, медициналық консультацияға қажеттік болған жағдайда, оны кешігіп алу, сирек, бірақ ауыр жағымсыз әсерлер, қауіпті дәрілік өзара байланыстар, қате қолдану тәсілі, қате доза мөлшері, терапияны дұрыс таңдамау, ауыр ауруды жасыру және тәуелділіктің даму және теріс пайдалану тәуекелі тәрізді көптеген тәуекелдер бар.

Өзін-өзі емдеудің салдарынан өзін (немесе балаларын) ауруға шалдықтырған науқастар туралы көптеген әңнімелерді келтіруге болады:

  • Мұрын бітелуіне қарсы қолданылатын заттар деп аталатын, кабынба ринитті емдеуге арналған тамшылар, егер оларды ұзақ уақыт бойы қолданса, ринитті үдетуі мүмкін;
  • Бас ауруына арналған таблеткаларды ұзақ уақыт бойы жүйелі қолданған жағдайда, бас ауруын нашарлатып жіберуі мүмкін. Бұл «анальгетикалық бас ауруы» деп аталады;
  • Диарея кезінде көмектеседі делінген кейбір дәрілерді балаларға берген жағдайда қауіпті болуы мүмкін;
  • Аспирин және ибупрофен тәрізді ауруды басатын заттар асқазан жарасын тудырып, тіпті аса қауіпті қан кетуіне әкелуі мүмкін;
  • Амбулаториялық тәжірибеде таралған инфекцияны емдеуге арналған, оның ішінде бірнеше рет пайдаланылған гентамицин адамды өмір бойы саңырау ете алады. 

Өз денсаулығыңызды тәуекелге тіреудің қажеті бар ма, ойланыңыз.

Дәрігердің қолынан рецептуралық бланкті алыңыз да, оны дәріханаға көрсетіңіз. Бұл қарапайым алгоритм Сіздің бағалы денсаулығыңызды сақтауға көмектеседі! 

 

 

 

 

Дұрыс таңдау жасаңыз – рецептіні алыңыз!

 Дәрілік заттарды қолдану жөнінде сұрақтарыңыз  туындаған жағдайда 8 800 080 88 87  Call-қызмет телефонына тегін қоңырау шалыңыз немесе ресми сайтымызға хабарлама жазыңыз - www.druginfo.kz. Біз Сіздерге көмектесу үшін жаралғанбыз!

Макалкина Л.Г., Жусупова Г.К., Шакарова А.

ҚР ДӘДМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК Дәрі-дәрмек орталығы