Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілдік берліген көлемі Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандығы № 2136 Қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес беріледі және дәлелді тиімділігі жоғары профилактикалық, диагностикалық және емдік медицина қызметтерін қамтиды.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі - ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде амбулаториялық деңгейде азаматтарды дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен тегін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 шiлдедегi № ҚР ДСМ-88/2020 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) бұйрығынасәйкес жүзеге асырылады.
Жоғарыда көрсетілген Тізбеге енгізілмеген дәрілік заттармен емдеген жағдайда – ақылы негізде.
Тізбеге енген дәрілік заттарға қажеттілікті диспансерлік есепте тұрған пациенттердің санын және өткен жылы нақты тұтынылған дәрілік заттардың көлемін ескере отырып, медицина ұйымдары белгілейді. ТМККК және МӘМС шеңберінде амбулаториялық деңгейде азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету тегін рецепттер бойынша дәріхана ұйымдары арқылы науқастың жеке басын куәландыратын құжатты (пациенттің туу туралы куәлігін) немесе оның көшірмесін көрсеткен кезде жүзеге асырылады. Амбулаториялық деңгейде тегін рецепттер алу үшін бекітілген халық тізбесіне пациенттердің мәліметтері тіркеліп, пациент медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету (МСАК) ұйымына тіркелген болуы және диспансерлік есепте тұруы тиіс. Рецепттерді учаскелік дәрігерлер мен медицина ұйымының бейінді мамандары жазып береді.
ТМККК шеңберінде амбулаториялық деңгейде емделу үшін дәрілік заттарды ұтымды пайдалану мақсатында келесі қағидаттар қолданылады:
- Диагноз расталуы және верификациялануы тиіс;
- Дәрілік заттар пациенттерге аурудың түріне, халықтың санатына, айғақтарға, диспансерлік топтарға сәйкес тағайындалады;
- Терапияның қайталануын болдырмау және теріс пайдаланудың алдын алу мақсатында дәрілік заттар халықаралық патенттелмеген атауы бойынша жазылып, ал дәрілік заттар пациенттің қабылдауына болмайтын, дәрілік препарат құрамы көп компонентті болған жағдайларда саудалық атауымен жазылады.
- Науқастарға жазылып берілген дәрілік препараттың саны емдеу курсының есебінен, ал тұрақты (ұзақ) емдеуге мұқтаж адамдарға қабылдау жиілігі және емдеу мерзімі, дозасын көрсете отырып, күн сайынғы қабылданатын емдеу схемасы есебінен көрсетіледі.
- Дәрілік заттарға, соның ішінде тегін және жеңілдікті шарттарда босатылатын репцетілер 3 айға дейін жарамды.
Медициналық виртуалды кеңістік күн санап ұлғайып келеді. Үлкен және кіші клиника сайттарын, \» сіздің ақшаңызбен барлығына \» кепілдік беретін делдалдық контора порталдарын, нақты дәрігердің жеке қабылдауына бару, өзін-өзі емдеу жөніндегі кеңестерді және «кемеңгерлердің» емдеу әдістерін қолдану қауіпті салдарларға әкеп соғады. Өз денсаулығыңызға тек өзіңіз ғана жауапты екендігіңізді түсінген маңызды, және де кез келген бұрыс шешім Сіздің жалпы жағдайыңзды нашарлатып жіберуі мүмкін!
\» Компьютер бойынша\» емделудің, күмәнді адамдар мен ұйымдарға сенім артудың қажеті бар ма? Қандай ақпарат көздеріне сенуге болады, ал қайсысына сенудің қажеті жоқ? Еліміздің әрбір тұрғынының дәрілік заттар туралы шынайы және жан-жақты ақпарат алуларына мүмкіндік беру үшін, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бүкіл ел бойынша «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК базасында Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығының (ДЗҰПО) қызметін ұйымдастырды. ДЗҰПО-ның басты мақсаты — халықтың денсаулығын жақсарту. Міндеті — халыққа және медицина жұртшылығына халықаралық емдеу стандарттарына және үздік әлемдік практикаға негізделген дәрілік заттарды ұтымды пайдалану бойынша жан-жақты ақпарат жеткізу. ДЗҰПО-ның қызметі ҚР халқының дәрілік сауаттылығын арттырудың негізгі механизмі және бүкіл денсаулық сақтау жүйесін дамытудың маңызды бөлігі болып табылады. Бұған қоса, Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылығы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында халықпен ақпараттық жұмыс жүргізуді күшейту қажеттігі туралы айтылған.
ДЗҰПО фармацевтикалық фирмаларға қатысы жоқ, дәрілік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласындағы ұйымдармен тығыз байланыстағы мемлекеттік ұйым болып табылады. Орталықтың мамандарынан Сіз әрқашан дәрілік заттар, тегін дәрілік қамтамасыз ету жайлы, қандай да бір препараттың тиміділігі, дәрілік заттардың айналысы саласындағы реформалар туралы жан-жақты және шынайы ақпарат алуларыңызға болады. Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесі жыл сайын жетілдіріліп келеді. Бұл ел Үкіметінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, медицина қызметкерлерінің және ең бастысы – ҚР азаматтарының бірлесіп күш жұмсауының нәтижесі.
Тегін және жеңілдікпен босатылатын дәрілік заттармен қамтамасыз ету бағдарламасы. Бағдарлама Қазақстан Республикасында 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы бағдарламаның арқасында аурулары бойынша диспансерлік есепте тұрған халқымыз тегін және жеңілдік негізінде дәрілік заттарды алуға мүмкіндіктері бар.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық деңгейде сапалы және уақытылы дәрілік қамтамасыз ету және асқынулар мен ауруханаға жатқызу жағдайларының көлемін азайту үшін осы бағытты дамытуға және жетілдіруге баса назар аударады.
Міне, сондықтан да, Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан», 2016-2019 жылға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламаларындағы басым бағыттардың бірі болып амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру белгіленді.
Жүргізілген реформалардың негізгі мәні пациентке, оған көрсетілетін дәрілік көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған фокус анықталды. Сонымен, 2012 жылдан бастап пациенттің амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінді бұрын жеңілдікпен алған және препарат құнының 50% төлеген дәрілік заттарды тегін алады. Және де пациенттер дәрігерге барғаннан кейін тегін дәрілік заттарды тікелей емханадан немесе жақын жердегі дәріханадан бірден алады, бұл тегін препараттардың қолжетімділігін айтарлықтай арттырады және оларды аймақтық дәріханалардан іздеу уақытын қысқартады. Бүгіннің өзінде барлық емханалар мен МСАК орталықтарында дәріхана пункттері ашылған.
Амбулаториялық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша көзделген іс-шараларды толық іске асыру емханалар компьютерленген сайын және электрондық рецепттерді енгізілуіне байланысты рецепттердің қайталануларын болдырмауға, жылдың басында дәрілік заттарды жеткізілуін тоқтатпауға мүмкіндік беретіндігіне, қымбат препараттарға деген жоғары қолжетімділікті қамтамасыз ететіндігіне назар аударған жөн.
Өз құқыларыңызды біле жүріңіздер! Барлық сұрақтар бойынша Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығының бірыңғай тегін телефон желісі бойынша хабарласыңыздар: 8 800 080 88 87 – Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін!
- 04.11.11 жылғы 786 бұйрық - Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде халықты тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі
- 29.08.17 жылғы бұйрық - Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және мамандандыралған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
- 14.03.18 жылға бұйрық - «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және мамандандыралған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және мамандандыралған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2017 жылғы 14 наурыздағы №105 бұйрығы
- "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы