КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФАРМАЦИЯ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА қош келдіңіздер! Сіздерді Клиникалық фармакология және фармация бойынша халықаралық конференциясына қатысуға шақырамыз. Конференция Астана қаласында 2018 жылдың 20-21 қыркүйегінде өткізіледі. Өткізу орны туралы қосымша хабарланады. Конференцияда негізгі назар шынайы клиникалық тәжірибедегі клиникалық фармакология және фармация рөліне бөлінеді. Негізгі тыңдаушылар - тәжірибедегі дәрігерлер, медициналық ұйымдардың формулярлық комиссия мүшелері, клиникалық фармакологтар, фармацевтер, медициналық ұйымдардың жетекшілері және барлық мүдделі тұлғалар. Сіздерді конференцияға және Астанаға шақыруға қуаныштымын. Конференцияда күтеміз! Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану Орталығы
НЕ ҮШІН ҚАТЫСУ КЕРЕК Дәрігерлер, клиникалық фармакологтар және фармацевтер үшін Клиникалық фармакология және фармация бойынша халықаралық конференциясы клиникалық фармакология қоғамы үшін қызығу тудыратын соңғы тақырыптарды талқылау және кездесу үшін маңызды мүмкіндіктердің бірі болып табылады. Бұл іс-шарада бірегей сессиялар өткізіліп, тәжірибелік денсаулық сақтауда клиникалық фармакология қызметінің даму тәжірибесі, формулярлық жүйе және дәрілік терапияның фармакоэкономикалық аспектілері, фармакотерапия, сонымен қатар фармакоэпидемиология мәселелері, клиникалық фармакологиядағы фармакогенетика, дәрілік заттардың фармакокинетикасы және т.б. туралы денсаулық сақтау саласының мамандары біле алады. Конференцияда қатысу Сізге келесі мүмкіндіктерді береді:
Конференция 2 күн бойы өтеді деп жоспарлануда:
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын. Конференция жұмысына қатысуға қалаушылар 2018 жылдың 21 тамыз айына дейін конференция сайтында тіркелуі және баяндамалардың тезистерін тіркеуі қажет. Тезистер көлемі – 300 сөзге дейін. Тезистерді тапсыру мерзімі – 2018 жылдың 01 шілде айына дейін. Ескерту. Конференция өткізу Бағдарламасы өзгерген жағдайда, қосымша ақпараттар таратылады. Тіркеу жарналарының мөлшерін анықтау кезеңінде (кофе-брейктар, түскі астар жарна соммасына кіреді). Жол ақысы шығындары, баспанада тұру құны Конференция Делегаттары есебінен жүргізіледі (заңды, жеке тұлғалар). Мәлімдемелер мен тезистерді қарау нәтижелері бойынша конференция баяндамалары Ұйымдастыру комитетімен сұрыпталады. Ұйымдастыру комитетінің шешімі авторларға 2018 жылдың 1 тамыз айына дейін жеткізіледі. Ұйымдастыру комитеті мәлімдемелерді алған кезде қатысушыдан баяндамалардың толық мәтінін талап ете алады.
Байланыс ақпараты: Есбатырова Лаззат Муратовна – жұм. тел. 8 /7172/ 700-950 /ішкі 1083/ Басибекова Айнура Рустемовна - жұм. тел. 8 /7172/ 700-950 /ішкі 1081/ Электрондық мекен-жай: druginfo-kz@mail.ru (хат тақырыбында «Клиникалық фармакология және фармация бойынша халықаралық конференция 2018» көрсетуіңізді сұраймыз)
8-9 қыркүйек күндері Астана қаласында клиникалық фармакология және фармация бойынша «Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану» атты халықаралық конференция өтті Конференция жұмысына 300-ден аса қатысушылар, оның ішінде облыстық денсаулық сақтау басқармаларынан, медициналық, фармацевтикалық, ғылыми ұйымдардан, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен ресми делегаттар, сондай-ақ Республикалық медициналық палатаның облыстық филиалдарының, ДДҰ және шет елдік серіктестердің елдік офисінің өкілдері, клиникалық фармакология саласындағы шетелдік сарапшылар қатысты. Ұйымдастырушылары – Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы және Республикалық медициналық палата. Халықаралық конференцияны ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләзат Ақтаева құттықтау сөз сөйлеп, ашты. Оның сөзінше, конференция денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерін шешудің жаңа тәсілдемелерін іздестіруге жәрдемдеседі. ««Бұл шара дәрігерлерге, клиникалық фармакологтар мен фармацевттерге кездесу үшін және клиникалық фармакология мен фармацевтика саласындағы барлық әлемдік қоғамдастықтарды қызықтыратын жаһандық тақырыптарды талқылауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті вице-министр. Екі күндік шараның мақсаты – негізгі аудиторияға дәлелді медицина қағидаттарына негізделген денсаулық сақтау саласын дамытудағы клиникалық фармакологияның артықшылықтарын, келешегін, маңызды ролін көрсету. Конференция аясында медицина саласының мамандары мен халықаралық сарапшылар клиникалық фармакология және фармация бағытын жетілдіру, дәрілік заттарды қолданудағы қателіктер салдарынан денсаулыққа зиян келтіретін жағдайларды қысқарту, болдырмау мүмкіндіктері туралы ойларын ортаға салады. Халықаралық деңгейдегі сарапшылар баяндама жасады: профессор, ДДҰ атқару комитетінің мүшесі Мақсұт Кульжанов «Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану жөніндегі ДДҰ-ның жаһандық бастамасы», жобалық топтың жетекшісі Арнұр Нұртаев «Дәрілік саясаттың негізгі бағыттары туралы», Королевский фармацевтика қоғамының өкілі, Британ Ұлттық формулярының директоры Karen Baxter (Ұлыбритания) «Дәрілік заттарды тиісінше тағайындаудағы ұлттық формулярдың ролі туралы». Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану қажеттілігі туралы халықты ақпараттандырудың түйінді тәсілдемелері туралы Дүниежүзілік банктің халықаралық кеңесшісі айтып берді: «Технологияларды беру және денсаулық сақтау секторында институционалды реформа жүргізу» - Франс Стоббелаар (Frans Stobbelaar). Қазақстанда тұңғыш рет, 9 қыркүйекте, конференция алаңында «GlaxoSmithKline» және «Pfizer» фармацевтикалық компаниялары өкілдерінің арасында «Қазақстандағы екпелік алдын алу бағдарламалары үшін пневмококк екпелерін ұтымды таңдау» тақырыбында пікір алмасу болады. Қазақстандық фармацевттер үшін профессор, РФ Қазан федералды университетінің Фундаментальды медицина және биология институтының кафедра меңгерушісі Лилия Зиганшина на тему «Дәрілік заттарды ұтымды пайдаланудағы Кокрейн дәлелі» тақырыбында; Татарстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық клиникалық ауруханасының дәрігер-клиникалық фармакологы Альбина Нигмедзянова «Нақты клиникалық практикадағы фармакотерапия мәселелері», «Сұйықтықпен емдеу кезінде нені білу керек?» және «Микробқа қарсы терапия қателіктері» тақырыптарында; Отаго Университетінің (Жаңа Зеландия) профессоры, клиникалық фармацевт Дэвид Вудс « Жеке емге инновациялық тәсілдемелер» тақырыбында; И.М.Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің (РФ) дәрілік қамтамасыз ету және фармакоэкономика кафедрасының меңгерушісі Роза Ягудина шеберлік сабақтарын өткізді. Спикерлердің баяндама – тұсаукесерлерін төмендегі сілтемеге басып, жүктей аласыз.
Клиникалық фармакология және фармация бойынша «Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану» атты халықаралық конференция жайлы пікіріңізді druginfo-kz@mail.ru. электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз. |